---
title: "ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Әлия Сүйіндікқызы өңір жастарына Елбасы жолдауының маңызын түсіндірді"
description: "Жақында Елбасы Қазақстан халқына кезекті жолдауын ұсынған болатын. Бұл жолғы жолдаудың маңызы бұрынғ..."
author: "CRMI"
published: "2017-02-03T04:06:24+00:00"
modified: "2017-02-03T04:08:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-parlament-m-zhilisini-deputaty-liya-s-yindik-yzy-ir-zhastaryna-elbasy-zholdauyny-ma-yzyn-t-sindird-753755"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-parlament-m-zhilisini-deputaty-liya-s-yindik-yzy-ir-zhastaryna-elbasy-zholdauyny-ma-yzyn-t-sindird-753755/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Әлия Сүйіндікқызы өңір жастарына Елбасы жолдауының маңызын түсіндірді

> Жақында Елбасы Қазақстан халқына кезекті жолдауын ұсынған болатын. Бұл жолғы жолдаудың маңызы бұрынғ...

Жақында Елбасы Қазақстан халқына кезекті жолдауын ұсынған болатын. Бұл жолғы жолдаудың маңызы бұрынғыларынан ерекше. Себебі, жолдау Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылда жеткен жетістігін қорытындылап, алдағы уақыттағы барлық салада Қазақстанның қадамдарын, даму жолының негізгі бағыттарын атап көрсетті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Un5cm1p8u9xPUVgF9ZZGJJVZWJh6Go.jpg)

Өз кезегінде жолдауды қалың көпшілікке түсіндіру мақстанда халық қалаулылары өңірлерге атттанған болатын. Бүгін Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-де Парламент Мәжілісінің депутаты Әлия Сүйіндікқызымен ашық кездесу өтті. Кездесудің алғашқы бөлігінде депутатқа өңір жастары толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/VBkw6h6AJINTtnP6QZS45b9DW241A3.jpg)

Кездесу барысында сөз алған «Серпін» бағдарламасының Павлодар облысы бойынша бас сардары Дарын Тәжібаев түлектердің оқу бітргенннен кейінгі жағдайын, баспана мәселесі қалай шешіледі деп сұраған болатын. Әлия Сүйіндікқызы бұл мәселенің өзекті екенін, жиі көтерілетін тақырыптардың бірі екенін айта келе, Павлодар облысында 60 жуық кәсіпкердің қолдауымен түлектерге арналған баспана салынатын қуанышпен жеткізді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/XtM1i9i6PEgbI43kjS6Ug4KbRRSJZ0.jpg)

Кездесудің соңында Әлия Сүйіндікқызы Елбасының әрқашан жастарды қолдайтынын, ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Тиісінші жастар жолдауда жастарға қатысты тұстарын іске асыруға бар күшімен кірісіп, жасалған мүмкіндіктерді пайдаланып, әлемдік бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуға, жаңа бастамалар мен IT технологияларға ұмтылу керепіз деді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/T366mV9Hd4SdYyuMU4g9yIqdnf6677.jpg)

Сонымен қатар Әлия Сүйіндікқызы Павлодар облысында мемлекеттік жастар саясатының үлкен қарқынмен атқарылып жатқанын тілге тиек етіп, болашақта биік белестерге жете беруін тіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-parlament-m-zhilisini-deputaty-liya-s-yindik-yzy-ir-zhastaryna-elbasy-zholdauyny-ma-yzyn-t-sindird-753755](https://yvision.kz/kk/post/r-parlament-m-zhilisini-deputaty-liya-s-yindik-yzy-ir-zhastaryna-elbasy-zholdauyny-ma-yzyn-t-sindird-753755)