---
title: "ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі атауының өзгеруі туралы"
description: "http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100/ 2013 жылғы 29 қазандағы ҚР Президентінің «Қазақстан Р..."
author: "ecogovkz"
published: "2013-11-19T04:47:22+00:00"
modified: "2013-11-19T04:48:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-orsha-an-orta-zh-ne-su-resurstary-ministrligi-atauyny-zgerui-turaly-385657"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-orsha-an-orta-zh-ne-su-resurstary-ministrligi-atauyny-zgerui-turaly-385657/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі атауының өзгеруі туралы

> http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100/ 2013 жылғы 29 қазандағы ҚР Президентінің «Қазақстан Р...

[http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100/](http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100/)

2013 жылғы 29 қазандағы ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі болып қайта ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен – жерді гидромелиорациялау мақсатында су пайдаланушыларға немесе олардың бірлестіктеріне дейін су жеткізу және бұру;

2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен – жерасты сулары бөлігінде жер қойнауын геологиялық зерделеуді қоспағанда, жерасты суларын ұтымды және кешендi пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар мен өкiлеттiктер берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-orsha-an-orta-zh-ne-su-resurstary-ministrligi-atauyny-zgerui-turaly-385657](https://yvision.kz/kk/post/r-orsha-an-orta-zh-ne-su-resurstary-ministrligi-atauyny-zgerui-turaly-385657)