---
title: "ҚР Қорғаныс министрлігі: жасұландықтар Республикалық «Сардар» Олимпиадасының жеңімпазы атанды"
description: "Бүгін Астана қаласындағы армия генералы сағадат Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас ұлан» мект..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-03-28T07:06:13+00:00"
modified: "2014-03-28T07:06:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-or-anys-ministrligi-zhas-landy-tar-respublikaly-sardar-olimpiadasyny-zhe-impazy-atandy-407281"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-or-anys-ministrligi-zhas-landy-tar-respublikaly-sardar-olimpiadasyny-zhe-impazy-atandy-407281/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Қорғаныс министрлігі: жасұландықтар Республикалық «Сардар» Олимпиадасының жеңімпазы атанды

> Бүгін Астана қаласындағы армия генералы сағадат Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас ұлан» мект...

Бүгін Астана қаласындағы армия генералы сағадат Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас ұлан» мектебінде 11-ші сынып оқушылары арасында өткен бірінші Республикалық «Сардар» олимпиадасы жалауын түсірді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген 60-тан астам дарынды оқушылар қатысты.

– Бүгін біз бірінші Республикалық «Сардар» олимпиадасына қорытынды жасадық. Жарысқа қатысушылар екі тур бойынша мектеп пәндерінен тест, алғашқы әскери дайындық сабағынан норматив, дене шынықтырудан сынақ тапсырды. «Сардар» олимпиадасына бұл жастар үшін болашақта жоғары әскери оқу орнына түсуге үлкен мүмкіндік жасайтын шара,-деді Қазақстан республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым.

Олимпиада қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлердің, диплом мен грамотамен марапатталатын оқушылардың есімі анықталды. Бас жүлдені мамандырылған «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушісі Нұрбек Рысқожаевқа бұйырды. Бірінші орынды Республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі Айбек Құрманғалиев пен Бернар Ережеп, сондай-ақ мамандырылған «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушісі Айбек Керімбек иеленді. Құрметті екінші орын Республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі Абылай Биқожа мен мамандырылған «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушісі Нәдірбек Нұрлыбековтің (ШҚО) еншгісіне тиді.

– Бүгінгі менің көрсеткіштерім болашақта білімім мен ілімімді дамытуға жігерлендіретін ынталандыру ьолып табылады. Олимпиада маған өзімнің қабілетімді тексеруге зор мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде мен еліміздің түпкір-түпкірінен көптеген достар таптым,- деді Республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі Айбек Құрманғалиев.

Шараны ұйымдастырушылар Республикалық «Жас ұлан» мектебінің, мамандырылған «Арыстан» лицейінің, жалпы білім беретін Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау Батыс Қазақстан облыстары мектептерінің дайындықтары жоғары деңгейде екендіктерін атап өтті.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-or-anys-ministrligi-zhas-landy-tar-respublikaly-sardar-olimpiadasyny-zhe-impazy-atandy-407281](https://yvision.kz/kk/post/r-or-anys-ministrligi-zhas-landy-tar-respublikaly-sardar-olimpiadasyny-zhe-impazy-atandy-407281)