---
title: "Өр мінезді көкжал бөрі баласы"
description: "Өр мінезді көкжал бөрі баласын, Бөлтірік боп қанға тартса қарасын. Ақ май беріп бақсадағы алдына, Аң..."
author: "Qoblandy"
published: "2017-10-11T23:37:59+00:00"
modified: "2017-10-11T23:37:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-minezdi-k-kzhal-b-ri-balasy-781391"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-minezdi-k-kzhal-b-ri-balasy-781391/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өр мінезді көкжал бөрі баласы

> Өр мінезді көкжал бөрі баласын, Бөлтірік боп қанға тартса қарасын. Ақ май беріп бақсадағы алдына, Аң...

Өр мінезді көкжал бөрі баласын, Бөлтірік боп қанға тартса қарасын. Ақ май беріп бақсадағы алдына, Аңсап тұрар қырда ойнаған даласын.

Басқа - басқа сатылмайды көк қасқыр, Өлтірсеңде серті бөлек жан тапсыр. Өшпес руx, қайтпас мінез силаған, Көкте құдай қолдап тұрса уа тақсыр. Көкжалдардың өмірі толған сынақ, Өкінбейді өмірге неткен шырақ. Қыңқ деместен бетіне қарап тұрар, Кесіп алып құлағын қылсада шұнақ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-minezdi-k-kzhal-b-ri-balasy-781391](https://yvision.kz/kk/post/r-minezdi-k-kzhal-b-ri-balasy-781391)