---
title: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментімен 2015 жылдың бес айында атқарған қызметі туралы ақпараттандыру бойынша брифинг"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы б..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2015-06-15T23:59:04+00:00"
modified: "2015-06-15T23:59:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-a-mola-oblysy-boyynsh-513654"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-a-mola-oblysy-boyynsh-513654/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментімен 2015 жылдың бес айында атқарған қызметі туралы ақпараттандыру бойынша брифинг

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы б...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің (әрі қарай - Департамент) 2015 жылдың басынан атқарған қызметі қорытындысы бойынша Ақмола облысының тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында 2015 ж. 4 маусымында «Ақмола медиа орталығы» базасында қалалық, аудандық, облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының шақырылуымен брифинг өткізілді.

Мемлекеттік қызметті өткеру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Е. Жайықбаев сөз сөйледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы Департаменттің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Ж. Рамазанов баяндады.

Брифинг қатысушылары өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды. Еңбекшілдер ауданының «Жаңа дәуір – Сельская новь» газетінің бас редакторы «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын айқындауда сенім телефондарының тиімділігі қандай?» деген сұрақ қойса, «Акмолинская правда» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының динамикасы қызықтырды, Көкшетау қалалық «Любимый город» атты газеттің өкілі Ақмола облысында қай салада сыбайлас жемқорлық фактілері жиі орын алатындығы туралы сұрады.

Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Іс-шараға 30-дан астам бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

![ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментімен 2015 жылдың бес айында атқарған қызметі туралы ақпараттандыру бойынша брифинг](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/Nj3Z76M1O1T8r1Uu3quHFm9px62t99.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-a-mola-oblysy-boyynsh-513654](https://yvision.kz/kk/post/r-memlekettik-yzmet-isteri-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-agenttigini-a-mola-oblysy-boyynsh-513654)