---
title: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің 2016 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындылары бойынша негізгі қызметі туралы ақпарат Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы бойынша"
description: "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау бағыты Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал е..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-08-23T22:09:27+00:00"
modified: "2016-08-23T22:09:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-memlekettik-yzmet-isteri-ministrligi-a-mola-oblysy-boyynsha-departamentini-2016-zhyldy-1-zhartyzhy-708497"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-memlekettik-yzmet-isteri-ministrligi-a-mola-oblysy-boyynsha-departamentini-2016-zhyldy-1-zhartyzhy-708497/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің 2016 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындылары бойынша негізгі қызметі туралы ақпарат Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы бойынша

> Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау бағыты Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал е...

***Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау бағыты***

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту мақсатында Департамент күнделікті **бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін** (*zakon.kz; 356info.kz; inform.kz; tengrinews.kz; kokshetau.asia; «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» zannews.kz; «Атамекен» ҚР ҰКП palata.kz; zhalobakz.com; zhalobi.kz сайттары; «Караван», «Любимый город» және басқа газеттердің сайттары)* жүргізеді, статистика органдарының мәліметтері мен басқа дерек көздерін *(жеке және заңды тұлғалардың шағымдары*) зерттейді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес Департамент тұрақты негізде **сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг** жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы 2015 ж. 23 маусымдағы келісімді жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарының 2-тармағының 2-тармақшасын орындау мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдары мен «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесін зерделеу арқылы мониторинг жүргізіліп, автобустық жолаушылар тасымалын субсидиялаудың проблемалық мәселелері бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі шығарылды (Ақпарат орталық аппаратқа дер уақытында ұсынылды).

Департамент «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын» *(ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 16 бұйрығы)* басшылыққа ала отырып, Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының (бұдан әрі – ҚСжАЕБ) мәліметтері негізінде 2015 жылдың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуде облыстағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау салалары сыбайлас жемқорлық көріністеріне анағұрлым осал екендігі анықталды.

Ағымдағы жылдың басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы 3 мониторинг жүргізілді:
- ҚСжАЕБ мәліметтері негізінде, 2015 жылы жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы;
- Жолаушылар тасымалын субсидиялау бағыты бойынша (осының негізінде Ақмола облысының жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының қызметіне сыртқы талдау жүргізілді);
- Орта және шағын бизнесті субсидиялау саласында *(Ақпарат Орталық аппаратқа уақытылы жеткізілді).*

Департамент тарапынан Ақмола облысы мемлекеттік сәулеттік-құрылыстық бақылау басқармасы мен Ақмола облысының білім басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу сүйемелденеді.

Жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтердің нәтижелері жұмыста белсенді түрде пайдаланылуда.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын дәріптеу және барша қоғамды аталған жұмысқа тарту аясында интернет порталдарда және БАҚ-та сыбайлас жемқорлық мониторингінің үздік жүргізілуіне **конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру** орналастырылды.

Конкурс нәтижелері Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні – 9 желтоқсанда, «Адал жол – Честный путь» марафонының қорытындылары бойынша жыл сайын өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда шығарылатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы Келісімді жүзеге асыру жөніндегі Бірлескен іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау шеңберінде экология саласындағы проблемалық мәселелердің **камералық талдауы** жүргізілді *(ақпарат Орталық аппаратқа ұсынылды).* Талдаумен Экология департаменті және Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер қамтылды.

Есептік кезеңде 4 ұйымда талдау жүргізілді: ҚР ҰЭМ Құрылыс, ТКШ істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола филиалында, ҚР ҚІМ «Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ, «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, «Құрылыс басқармасы» ММ

Өткізілген талдаулардың қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды және оларды жою бойынша тиісті ұсыныстар берілді (кестені қараңыз).

 

№

Көрсеткіш

а.ж. басынан бастап

**1**

**Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (барлығы)**

**43**

1.1

соның ішінде, персоналды басқару қызметі бөлігінде (кадрлық саясат)

12

1.2

мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде

24

1.3

қызметтік әдепті сақтау және тәртіптік тәжірибе бөлігінде

4

1.4

жеке/заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы бөлігінде

1

1.5

мемлекеттік органның қызметіне тікелей қатысы бар өзге де мәселелер бөлігінде

2

**2**

**Талдау қорытындылары бойынша ұсыныстар, ұсынымдар берілді**

**36**

1.1

соның ішінде, персоналды басқару қызметі бөлігінде (кадрлық саясат)

5

1.2

мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде

22

1.3

қызметтік әдепті сақтау және тәртіптік тәжірибе бөлігінде

2

1.4

мемлекеттік органның қызметіне тікелей қатысы бар өзге де мәселелер бөлігінде

7

 

Департамент тарапынан тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауын және ішкі талдауын өткізудің **тәртібін түсіндіруге** бағытталған іс-шаралардың өткізілетіндігін атап өткен жөн.

А.ж. басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларын жүргізу мәселелерінің түсінігін және тәртібін жариялау бойынша келесі іс-шаралар жүргізілді: Ақмола облысының Сандықтау және Зеренді аудандарында **көшпелі кездесулер** ұйымдастырылды *(2016ж. 04.03.);* Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың өңірлік орталығында және ҚР ҰЭМ КҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РММ филиалында «Сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болғызбау» тақырыбында **дәрістер** өткізілді *(2016ж. 11.03.)*

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стартегиясының негізгі аспектілері» тақырыбында **ғылыми-тәжірибелік конференция** өтті. Конференция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің талдауын жүргізу мәселелері жарияланды.

Облыстық басқармалардың бірінші басшыларының қатысуымен **семинар-кеңес** ұйымдастырылды, семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің талдауын жүргізу арқылы профилактикалық іс-шараларды жүргізуге арналған жұмыстың тетіктері мен аталған жұмыс бойынша ұсыныстар атап өтілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі, сыртқы талдауы және Ұлттық баяндама жөнінде түсініктемелер беріліп, «Өзіңді сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» тақырыбындағы брошюралар таратылды.

Құрылыс басқармасында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдардағы өзгерістер мен жаңалықтарға қатысты дәріс өткізілді. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларын жүргізу мәселелерін түсінігі және тәртібі түсіндірілді.

Мемлекеттік органдардың өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларын жүргізу жөнінде (мысалдарды келтіре отырып) **консультациялар** өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаментімен *(бұдан әрі - СЖҚҰБ департаменті)* өзара әрекеттесу шеңберінде күнделікті негізде, әрі қарай жұмыста пайдалану үшін жедел мәліметтер зерделенеді.

СЖҚҰБ ҚР ҚПК 200-б. шеңберінде Департаменттің қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсынуларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 7-б. сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі және сыртқы талдауларын жүргізу, нәтижелерін уәкілетті органға ұсыну, Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәрістер, семинарлар өткізу туралы баптарды қосу жөніндегі бастамасын қолдады.

Атап айтқанда, СЖҚҰБ Ақмола облысы бойынша департаментінің ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 200-бабының шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды тиiстi мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға немесе онда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға осы мән-жайларды немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою жөнiндегі шаралар қолдану туралы ұсынуларында аталған баптар ескерілді(Шортанды ауданының әкімініе ұсыну; облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментіне ұсыну; Мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасына ұсыну; Ішкі саясат басқармасыныа ұсыну; Көкшетау қаласының әкіміне ұсыну).

Мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізудің әдістемелік ұсыныстарына *(2016ж. 05.03.* *№02-4-10/1070 шығыс хат)* және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 ж. 29.12. № 16 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларына» сәйкес, бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдаланудың алдын алу (үнемдеу) мақсатында Департамент мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу веб-порталына сатып алу бағаларының көтерілуіне мониторинг жүргізді.

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құнын анықтау үшін компаниялардың, фирмалардың, ЖК, ЖШС-лардың түрлі жұмыстарды, қызметтерді және тауарларды ұсыну жөніндегі баға жинақтары, прайстары зерделенді.

Мемлекеттік сатып алу мониторингі барысында есептік кезеңде облыстың 18 мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық кәсіпорны бойынша жалпы сомасы 118 642 852 (жүз он сегіз миллион алты жүз қырық екі мың сегіз жүз елу екі) теңге сатып алынатын тауарлардың сатып алу бағаларының көтерілуі анықталды. Аталған фактілер бойынша Департамент тарапынан тауар бағасының қайта қаралуы немесе оның құны бойынша негіздеме беру туралы ұсыныс хаттар жолданды.

Мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың ұсыныс хаттарды қарау нәтижелері бойынша бюджет қаражаттарының үнемделуі 33 185 301 (отыз үш миллион жүз сексен бес мың үш жүз бір) теңгені құрады.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу порталының мониторингін жүргізу барысында Аршалы ауданының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің конкурс өткізу барысында мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзғаны анықталды.

«Аршалы ауданының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ лауазымды тұлғаларының әлеуетті өнім берушіге басымдық көрсету белгілері бойынша іс-қимылдарына баға беру үшін материалдар Департаменттің Әдеп жөніндегі кеңесіне жіберілді. Қарау нәтижелері бойынша аталған бұзушылықтар дәлелденді.

Әдеп жөніндегі кеңестің шешімі бойынша конкурс комиссиясының мүшелері «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

***Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру*** ***бағыты:***

 

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру бойынша 2016 жылға арналған Кешенді жоспарға (*Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Жауапты хатшысының м.а 2016ж.19.03. № 62 бұйрығымен бекітілген)* сәйкес Министрлік **«Өңірлік жобаны»** жүзеге асыру үшін 1 073 000 теңге көлеміндегі қаржыландыруды қарастырды. Департамент тарапынан техникалық ерекшелік әзірленді. А.ж. 19 мамырда іс-шара өткізуді сатып алуға хабарландыру жарияланды. Жеңімпаз ретінде жеке кәсіпкер «Камариденов К.Н.» танылды *(шарт сомасы 950 000 мың теңге).*

Лот шеңберінде «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» мемлекеттік қызметтің жаңа моделін таныстыру брифинг- тұсаукесері, Көкшетау, Степногорск қалаларында және Зеренді, Сандықтау, Еңбекшілдер, Бұланды және Ақкөл аудандарында «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбындағы дөңгелек үстелдер сериясы өткізілді.

Сонымен қатар, Кешенді жоспарда **«Азаматтық бақылау»** жобасын жүзеге асыру жөніндегі 2 856 000 теңге сомасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс *(сатып алуға хабарландыру 2016 ж. 24.06ү. орналастырылды),* сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы баспа өнімдерін жасау және материалдарды әзірлеу жөніндегі **қызметтерді сатып алуға** арналған лот *(мемлекеттік сатып алу а.ж. 30. 06. өткізілді, өнім берушімен шартқа қол қойылды )* және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы **баннерлерді жасау және орналастыру** жөніндегі қызметтерді сатып алуға арналған лот қарастырылған *(мемсатып алу а.ж. 5 шілдеде аяқталады).*

Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету шеңберінде Департамент тарапынан тұрақты негізде іс-шаралар өткізіліп отырады.

Атап айтқанда, мақсатты топтардың қамтылуымен мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері бойынша *(16 кездесу),* мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша *(6 кездесу),* сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша *(63)* және қызметтік әдеп ережелері бойынша *(15 кездесу)* түсіндірмелік кездесулер ұйымдастырылды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі» атты **облыстық конференция** өткізілді, оның жұмысына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, квазимемлекеттік сектордың, облыстық денсаулық сақтау және білім басқармаларының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты *(барлығы 120 адам).*

Конференцияның қорытындылары бойынша Департамент пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес қоғамы Ақмола облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Қол қойылған Меморандум шеңберінде квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, кәсіпкерлік субъектілерді әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған қызметке кеңінен тартуға бағытталған облыстық **кәсіпкерлер форумы** өтті. Іс-шараға барлығы 60 адам, соның ішінде өз ісін жаңа бастаған және жетістікке қолдары жеткен кәсіпкерлер қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастру ісінде **діни бірлестіктер көшбасшыларының атқаратын рөлі маңызды**. Осыған орай Дін істері басқармасының қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбындағы диалог алаңы өткізілді. Іс-шараға Науан Хазірет атындағы мешіттің, Евнгелиялық-Лютерандық Приходтың, облыс аумағында тіркелген және қызметін атқаратын басқа діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Диалог алаңы барысында жиналғандарға Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары түсіндірілді және диалог алаңына қатысушыларды уағыз тыңдаушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы түсіндірме жұмыстарын жүргізуге назар аударылды.

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған жоспарының іс-шараларына ерекше назар аударылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі Орталық аппараттың ұйымдастырушылық-практикалық іс-шараларының ведомстволық жоспарының 2-т. сәйкес, Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың аумақтық интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша **арнайы тараулардың жұмыс істеуін** қамтамасыз ету жұмысы жүргізілді.

Ауқымды **ақпараттық жұмыс** жүргізілуде. А.ж. наурыз айынан бастап Департаменттің ресми сайтында (akm.kyzmet.gov.kz) 120 матеориал орналастарылды. «Facebook», «Vkontakte», «Мой Мир», «Instagram», «Youtube», «Kaztube» және т.б. әлеуметтік желілерде ресми парақшалар ашылды және жэұмыс істейді, осы парақшалар арқылы 1022 материал жарияланды.

Аталған кезеңде ақпараттық кеңістікке 510 жарияланым жарық көрді, соның ішінде 430- баспа БАҚ пен интернет ресурстарда, теледидар арқылы эфирге 80 сюжет шықты, соның ішінде 5 сюжет – республикалық телеарналарда.

Мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында Департамент қызметкерлерінің 48 мақаласы жарық көрді, соның ішінде 16 мақаланың авторы – Департамент басшысы Қ. Жапақов.

 

2016 жылдың 28 маусымында Департамент Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнінің мерекеленуіне қатысты. Салтанатты іс-шара «Дәстүр» кешенінде өтті.

Ынтымақтастығы мен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласының дамуына, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін «Қазақстан-Көкшетау» РТРК АҚ АОФ редакторы Хмелева Анастасия Владимировнаға Департамент басшысы Қ. Жапақовтың атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді.

Сонымен қатар, «Қазақстан-Көкшетау» РТРК АҚ АОФ шеф-редакторлары С.Ғ. Әлмұсаев, Г.Т. Бекенова, жауапты шығарушы А.Т. Әбілова, телеоператор В.В.Вережников, редактор М.С. Смағұлова, облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қ.З. Төреғожа, облыстық «Акмолинская правда» газетінің тілшісі Н.И. Митчинова, республикалық «Казахстанская правда» газетінің арнайы тілшісі А.С.Кузенный, қалалық «Степной маяк» газетінің шолушысы Б.К. Тасмагамбетов, қалалық «Көкшетау» газетінің журналисі Ә. Жүніс, қалалық «Любимый город» газетінің журналисі А.С. Калягина, облыстық «Көкшетау бүгін–Кокшетау сегодя» газетінің бас редакторы О.Д. Жагпарова, «24 kz», «Хабар» телеарналарының меншікті тілшісі С.Ғ. Құсайынова, республикалық «Қазақстан Заман» газетінің меншікті тілшісі Дахан Ш. Жәмші, «Қазтаг» ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі Ғ.И, Әшкенова, «Қазинформ» ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі А.Н. Оспанов Департамент басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын, мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында Департамент қызметкерлерінің БАҚ-та мақала жазу кестесі бекітілді *(орындау мақсатында 48 авторлық мақала жарияланды).*

2016 жылдың 1-9 ақпаны күндері 17 ауданда және Көкшетау мен Степногорск қалаларында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша және құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында, Департаменттің бастамашылығымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» облыстық эстафетасы *(бұдан әрі қарай - Эстафета)* өткізілді. Эстафета аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі Ашық келісімге 13 мыңға жуық адам қосылды.

А.ж. 1 сәуірден бастап Ақмола облысында «Адал жол – Честный путь» дәстүрлі марафоны басталды. А.ж. 9 желтоқсанда – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның қорытындылары шығады.

Әр ауданның аумақтық орналасу ерекшеліктері назарға алына отырып, «эстафетаны» бір өңірден екінші өңірге салтанатты түрде тапсыру кестесі құрылды, жобаның әр өңірде жүзеге асырылу мерзімдері анықталды. «Эстафетаның алауы» ретінде ««Адал жол – Честный путь» 2016 ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон» кітабы тапсырылуда. Кітап беттерінде іс-шаралардың фотосуреттері, сондай-ақ, марафонға қатысушылардың пікірлері мен тілектері жазылған.

Есептік кезеңде марафон облыстың 7 ауданында аяқталды *(Көкшетау қ., Степногорск қ., сондай-ақ, Бурабай, Еңбекшілдер, Бұланды, Ақкөл, Шортанды аудандарында),* марафон аясында түрлі бағыттағы 110 мәдени-көпшілік іс-шара өтті *(дөңгелек үстелдер – 20, дәрістер – 25, дебаттар – 7, флешмобтар – 5, спорттық – 11, семинарлар – 7, сурет және шығарма байқаулары – 6, автошерулер – 2, сынып сағаттары – 8, акциялар- 5 және басқалары – 14),* оларға 7000-нан астам ақмолалық тұрғын қатысты.

Марафонның іс-шаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жарияланып тұрады *(ақпараттық кеңістікте 40-тан астам жарияланым).*

Білім беру мекемелерінде Департамент қызметкерлері тоқсан сайын оқушылармен, ұстаздармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөнінде, заңнамалық актілерді түсіндіру бойынша дәрістер мен әңгімелер өткізеді.

Облыстың барлық мектептері мен колледждерінде тиісті мемлекеттік органдардың байланыс телефон номерлері көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.

Білім беру мекемелерінде мектеп оқушыларының бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбындағы акция өткізілді.

Бастауыш сынып оқушыларымен оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды дарыту, адалдыққа, әдептілікке тәрбиелеу мақсатында «Ертегілер әлеміндегі сыбайлас жемқорлық» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Орта буын оқушыларымен «СТОП «Коррупция», «Мен ашкөз мемлекеттік қызметшімін»,т.б. бейнероликтерді көрсете отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттті қалыптастыру» тақырыбындағы сабақтар өткізлді.

Жоғарғы сыныптарда «Жемқорлыққа жол жоқ», «Әділеттілік заңдары бойынша» тақырыптарындағы дөңгелек үстелдер өткізілді,іс-шаралар барысында оқушыларың пікірлері тыңдалып, түрлі жағдайлар ортаға салынып талқыланды және нормативтік құқықтық құжаттар талданды.

Мектептерде ПЖК (*полицейдің жас көмекшісі)* жасқтары жұмыс істейді, бұлар – оқушылардың өз еріктерімен, оларды әлеуметтік жауапкершілікке, кәсіптік бағдарға баулу, балалар мен жасөспірімдерді құқықтық насихат жұмысына кеңінен тарту мақсатында құрылған бірлестіктер.

Мектептердің жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Көкшетау (Зеренді, Сандықтау, Аршалы және т.б.) сыбайлас жемқорлыққа қарсы» акциясына белсенді түрде қатысты *(роликтер YouTube видеохостингінде орналастарылған).*

Студенттер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамыздың және әрқайсымыздың ісіміз!», «Таза сессия» акциялары өтті. ТжКО ұйымдарының фойелерінде ақпараттық стендтер жаңартылды. Ашық келісімге қосылу актілеріне қол қоя отырып «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбындағы іс-шаралар, «Сыбайлас жемқорлық мемлекетке төнген қауіп» тақырыбында куратор сағаттары, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен колледждердің қызметкерлері мен 3-4 курс студенттеріне арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі кездесулер өткізілді, педагогикалық кеңестерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңыныңжалпы ережелері қарастырылды.

Хаттамалық тапсырмаға сәйкес *(2015ж. 22.07. алқа отырыстың)* барлық жергілікті жоғарғы оқу орындарымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» үлгілік пәнін элективті пәндер каталогына енгізу мәсселесі шешілді, білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жоспарларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптың қосылуы қамтамасыз етілді *(«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 ж. 22.04.* *№227 бекітілген бұйрығына сәйкес).* Аталған жұмыспен ЖОО стундеттерінің ішінен 133-ден астам тыңдаушы қамтылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы тақырыптар ЖОО-лардың дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертациялардың тақырыптарына, сонымен қатар, облыстың орта арнаулы оқу орындары мен жалпы білім беру мекемелерінің жұмыс жоспарларына енгізілген.

Жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен тұрақты негізде **көрнекі-үгіт материалдарымен** жұмыс жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлықты қоғам тарапынан қабылдамау атмосферасын қамтамасыз ету және қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, кәсіби мемлекетті насихаттау мақсатында, қалалар мен аудандардың қолдау көрсетуімен 59 баннер, 380 мини-баннер орналастырылды және Көкшетау қаласының 2 LED-экранында электронды форматтағы баннерлер ротацияланады.

Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттауға, жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, мемлекеттік қызметшінің жағымды бет-бейнесін қалыптастыруға және тұрғындарды «100 қадам» Ұлт жоспары аясындағы бірінші институционалдық реформаның негізгі кезеңдері туралы ақпараттандыруға бағытталған 30 **бейнеролик** орналастырылды.

Тұрғындарға «Өзіңді сыбайлас жемқорлықтан қалай сақтау керек?», «Мемлекеттік қызметтерді алғандағы менің құқықтарым» тақырыбындағы қазақ және орыс тілдеріндегі **1000-нан астам буклет** халыққа қызмет көрсету орталықтары, Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдар, аумақтық мемлекеттік мекемелер арқылы таратылды.

А.ж. ақпан айында Департамент мемлекеттік органдардың, өндірістік кәсіпорындардың, білім және мәдениет ұйымдарының еңбек ұжымдарының қолдау көрсетуімен халықтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Адалдық – Отан сүйгіштіктің негізі» тақырыбындағы **сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлық** өткізілді. Айлық аясында 38 іс-шара ұйымдастырылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Департамент Ішкі саясат басқармасы арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы, әлеуметтік зерттеу жүргізуді көздейтін **лотты мемлекеттік сатып алу***(1330,0 мың тг.)* іске асырылды. Әлеуметтік зерттеулерді Ақмола облысы бойынша «Жас Отан» корпоративтік қоры іске асырды

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы **ашық келісімге** 14545 қатысушы қосылды *(14496 жеке және 49 заңды тұлға) («НұрОтан» партиясының облыстық филиалы, Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан халқының Ақмола ассамблеясы, «Даму» КДҚ АҚ өңірлік филиалы, «Өрлеу» БАҰО АҚ ПҚБАИ Ақмола облысы бойынша филиалы, Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығы,Жоғарғы және орта-арнаулы оқу орындары және т.б.).* Келісім аясында азаматтық қоғам институттарымен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, ҮЕҰ, ДҚБ, ЭМБ, ЖҚБ, әйелдер ұйымдарының, саяси партиялардың өкілдерімен **ынтымақтастьық орнатылды,** Департаменттің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөніндегі ашық келісімді жүзеге асыру жөніндегі облыстың қоғамдық ұйымдарымен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді.

Облыста жүргізіліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының нәтижелілігі туралы **қоғамдық пікірді** зерттеу, сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік құбылыс ретінде қарауды анықтау, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге жеке үлесін қосуға әзірлік деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік сауал жүргізілді. Сауалға 1137 адам қатысты.

Жүргізілген сауалдың қорытындылары бойынша, респонденттердің сыбайлас жемқорлықтың не екенін және оның негізгі белгілерінің қандай болатынын білетіндігі анықталды, респонденттердің басым бөлігі облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп отырған жұмысқа жағымды баға берді.

Респонденттердің облыс өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат алудың негізгі көздері анықталды, бұл өз кезегінде азаматтарды өткізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы іс-шаралар туралы ақпараттандлыруды (қатыстыруды) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, респонденттердің басым бөлігі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінетіні немесе сенім телефонына қоңырау шалатыны белгілі болды, бұл респонденттердің жоғары азаматтық ұстанымын айқындайды.

Баяндалғанға орай, осы іспеттес іс-шараларды өткізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болу жағдайларына жедел ықпал етуге, уақытылы жоюға және бұл жағдайлардың пайда болу себептерін мейілінше азайтуға, сөйтіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

Департаменттің бастамашылығымен құрылған «ЖіГЕР» ЖМҚК ЖҚБ жұмысы үйлестіріледі. Клуб мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасқысы келетіндер үшін Департамент қызметкерлерінің қатысуымен оқыту семинарын ұйымдастырды. Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу шеңберінде Клуб мүшелері спорттық сайыстарға белсене қатысты *(велошеру, «Тоғыз құмалақ»),* бұл ретте Клуб мүшесі А. Қайырбек «Тоғыз құмалақ» бойынша жеке есепте әйелдер арасында жеңімпаз атанды.

Жоғарыда аталған тармақтардың жүзеге асырылуы тұрақты бақылауға алынған. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.

**Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті**

****

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-memlekettik-yzmet-isteri-ministrligi-a-mola-oblysy-boyynsha-departamentini-2016-zhyldy-1-zhartyzhy-708497](https://yvision.kz/kk/post/r-memlekettik-yzmet-isteri-ministrligi-a-mola-oblysy-boyynsha-departamentini-2016-zhyldy-1-zhartyzhy-708497)