---
title: "ҚР Мемлекеттік хатшысы: Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген"
description: "Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген, оның негі..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-11-24T03:36:00+00:00"
modified: "2015-12-02T00:36:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-memlekettik-hatshysy-birt-tas-lt-bolasha-y-biz-aza-stanny-hal-ymyz-konstituciyaly-lgisine-negizdel-651935"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-memlekettik-hatshysy-birt-tas-lt-bolasha-y-biz-aza-stanny-hal-ymyz-konstituciyaly-lgisine-negizdel-651935/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Мемлекеттік хатшысы: Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген

> Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген, оның негі...

Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген, оның негізіне этносына қарамастан күллі мемлекет азаматтарының қоғамы принціпі салынған, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы «ҚР этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясаты: қоғамдық келісімді нығайту үшін басқару мен азаматтық қатынас технологияларын тұжырымдау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда.

«Жалпыұлттық құндылықтарды, заң үстемділігін, конфессияаралық келісімді нығайту қазақстандық біркелкілік пен біртұтастылықтың негізі. Қазақстанның барлық азаматтарына ешқандай шектеусіз объективті әлеуметтік реформалар жасақтау және үш тұғырлы тілді дамыту. Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген, оның негізіне этносына қарамастан күллі мемлекет азаматтарының қоғамы принціпі салынған», - деп сендірді ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Оның айтуынша, «Мәңгілік Ел» - ол жалпыұлттық идея, ол біздің ортақ стратегиялық мақсатымыз, ол қазақстандық құндылықтар мен бірлікті, келісімді қалыптастыратын жүйе.

«Мемлекет басшысы – тұрақтылық кепілі, егеменді мемлекеттің негізін қалаушы. Ал, халық мемлекеттік биліктің жалғыз көзі, тағдыры, тарихы бір халық қана ұлт қалыптастыра алады», - деді Г. Әбдіхалықова.

Г. Әбдіқалықова: ҚХА Қазақстанның біртұтас ұлт болашағының жол картасы болады. Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған «ҚР этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясаты: қоғамдық келісімді нығайту үшін басқару мен азаматтық қатынас технологияларын тұжырымдау» халықаралық конференциясы өтуде.

«Конференцияның негіңзгі мақсаты басқару техникасын жасақтау және қоғамдық келісімді нығайтудағы азаматтық қатысу бойынша нақты ұсыныстар жасақтау. Ассамблея жылы Елбасы 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға ҚХА белсенді атсалысуын, бірінші кезекте Біртұтас болашақ ұлтын қалыптыстыруды басты міндет деп көрсетті. Біртұтас ұлт болашағы – ол басты идея және 5 реформаның негізі. Халықтың рухы әр қашан мемлекеттің табыстылығын анықтайтын фактор болған және солай бола береді», -деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова конференция барысында.

ҚР Мемлекеттік хатшысының айтуынша, біркелкілік пен біртұтастылықты қалыптастыру бойынша барлық жұмыстар Қазақстан халқы Ассамблеясы шеңберінде жасақталады. Ол Қазақстанның біртұтас ұлт болашағының жол картасына айналады.

Айта өтейік, конференция аясында сала мамандарының, мемлекеттік органдар өкілдерінің, сарапшылардың қатысуымен пленарлы пікір таластар өткізу жоспарланған.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/28594/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-memlekettik-hatshysy-birt-tas-lt-bolasha-y-biz-aza-stanny-hal-ymyz-konstituciyaly-lgisine-negizdel-651935](https://yvision.kz/kk/post/r-memlekettik-hatshysy-birt-tas-lt-bolasha-y-biz-aza-stanny-hal-ymyz-konstituciyaly-lgisine-negizdel-651935)