---
title: "Р Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл — менің тілім» байқауы мәреге жетті."
description: "ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілі..."
author: "mvdgovkz"
published: "2014-07-08T22:47:12+00:00"
modified: "2014-07-08T22:47:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-ltty-lany-batys-irlik-olbasshyly-yny-yzmetkerleri-arasynda-memlekettik-til-meni-tilim-bay-auy-m-re-420672"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-ltty-lany-batys-irlik-olbasshyly-yny-yzmetkerleri-arasynda-memlekettik-til-meni-tilim-bay-auy-m-re-420672/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Р Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл — менің тілім» байқауы мәреге жетті.

> ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілі...

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» байқауы мәреге жетті.Аталмыш сайысқа Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Ақтөбе және Орал қаласында орналасқан әскери бөлімдерден алты үміткер - өзге ұлт өкілдері қатысып, төрт кезең бойынша сынға түсті.

Бастапқыда олар өздерін таныстырса, одан кейін мақал-мәтел айту, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқу, сахналық көрініс қойып, ән салудан жарысты.

Байқау қорытындысында Оралдағы 5517-әскери бөлім қызметкері, аға сержант Александр Тимарин жеңімпаз атанып, Астанада өтетін қорытынды кезеңге жолдама алса, 6655-әскери бөлімнен келген ефрейтор Константин Андриади (Ақтөбе) екінші, 3502-әскери бөлімнің кіші сержанты Жорабек Османов (Ақтау) үшінші орынды иеленді. Оларға «Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаров диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-ltty-lany-batys-irlik-olbasshyly-yny-yzmetkerleri-arasynda-memlekettik-til-meni-tilim-bay-auy-m-re-420672](https://yvision.kz/kk/post/r-ltty-lany-batys-irlik-olbasshyly-yny-yzmetkerleri-arasynda-memlekettik-til-meni-tilim-bay-auy-m-re-420672)