---
title: "ҚР ҚК Әскери теңіз күштері: жаңа кемеде әскери-теңіз жалауы желбіреді"
description: "Ақтауда Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Орал» ракета-артиллериялық кемесінде тұңғы..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-12-05T01:21:57+00:00"
modified: "2013-12-05T01:26:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-k-skeri-te-iz-k-shteri-zha-a-kemede-skeri-te-iz-zhalauy-zhelbiredi-388150"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-k-skeri-te-iz-k-shteri-zha-a-kemede-skeri-te-iz-zhalauy-zhelbiredi-388150/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР ҚК Әскери теңіз күштері: жаңа кемеде әскери-теңіз жалауы желбіреді

> Ақтауда Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Орал» ракета-артиллериялық кемесінде тұңғы...

**

![ҚР ҚК Әскери теңіз күштері: жаңа кемеде әскери-теңіз жалауы желбіреді](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/05122013/3.jpg)

Ақтауда Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Орал» ракета-артиллериялық кемесінде тұңғыш рет әскери-теңіз жалауы көтерілді. Бұл сынақтардың аяқталып, аталған кеменің Қазақстан Қарулы Күштері Әскери теңіз күштерінің құрамына қабылданғанын айғақтайды.**

 

Салтанатты іс-шарада кеме капитанына жауынгерлік туды ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, отандық «Зенит» кеме жасау зауытында құрастырылған су ығыстырғыштығы 250 тоннаға жуық «Орал» жауынгерлік кемесі сәуір айында суға түсірілген болатын. Кеме ракета-артиллериялық қару-жарақпен, қазіргі заманғы байланыс құралдарымен, навигациялық және штурмандық қару-жарақпен жарақтандырылған.

Кеме экипажы оны құрылысы басталғаннан бері зерделеуге кірісті.

Қазіргі уақытта олар жауынгерлік кемені басқарудың барлық қыр-сырын меңгерген.

- Бұл Әскери-теңіз күштерінің құрамына қабылданған екінші ракета-артиллериялық кеме. Сынақтар «Шағала-2013» оқу-жаттығуы барысында табысты өтті. Мен «Оралдың» Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге лайықты үлес қосатынына сенімдімін, - деп контр-адмирал Жандарбек Жанзақов атап өтті.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-k-skeri-te-iz-k-shteri-zha-a-kemede-skeri-te-iz-zhalauy-zhelbiredi-388150](https://yvision.kz/kk/post/r-k-skeri-te-iz-k-shteri-zha-a-kemede-skeri-te-iz-zhalauy-zhelbiredi-388150)