---
title: "ҚР ІІМ 2015 жылдың бірінші жартысы бойынша жедел қызмет көрсету жұмысын қорытындылады"
description: "Алматыда Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен Ішкі Істер Министрлігінің алқа..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-21T11:21:33+00:00"
modified: "2015-07-21T11:21:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-iim-2015-zhyldy-birinshi-zhartysy-boyynsha-zhedel-yzmet-k-rsetu-zh-mysyn-orytyndylady-523634"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-iim-2015-zhyldy-birinshi-zhartysy-boyynsha-zhedel-yzmet-k-rsetu-zh-mysyn-orytyndylady-523634/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР ІІМ 2015 жылдың бірінші жартысы бойынша жедел қызмет көрсету жұмысын қорытындылады

> Алматыда Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен Ішкі Істер Министрлігінің алқа...

Алматыда Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен Ішкі Істер Министрлігінің алқа отырысы болып өтті, онда ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы талқыланды және алда тұрған кезеңге негізгі міндеттер белгіленді, деп хабарлады ведомство.

Кеңесте жыл басынан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерінің жаңа нормаларын қолдану практикасының жай-күйі қаралды.

Алқа мүшелері Төтенше жағдайлар комитеті қызметінің басым бағыттары және оның аумақтық бөліністерінің ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылы талқыланды. Алқада профилактикалық жұмысты жетілдіру, әкімшілік полицияның қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің сапасын арттыру және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің жаңа нормаларын қолдану мәселелері көтерілді.

Ішкі Істер Министрлігінің алқасында ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі және төтенше жағдайлар департаменттерінің бірқатар басшалары сөз сөйледі.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты қауіп-қатер төнген және төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ түзеу мекемелеріндегі тәртіпсіздіктерді жою кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қорғауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының күштері мен құралдарының дайындығын тексеру болып табылды. Оқу-жаттығуға полицияның, Ұлттық ұланның және қылмыстық-атқару жүйесінің күштері мен құралдары жұмылдырылды, алдарына қойылған міндеттерін шешуде іс-қимыл жасауда реттілік пен үйлестірушіліктің жоғары деңгейін көрсетті.

Жалпы оқу-жаттығу жеке құрамның кәсіби дағдысын және экстремалдық жағдайларда полицейлер мен әскери қызметшілердің психологиялық дайындығын пысықтауға мүмкіндік берді. Оқу-жаттығуға Ішкі Істер Министрлігінің орталық аппаратының және Ұлттық ұланның басшылық құрамы, аумақтық ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі және төтенше жағдайлар департаменттерінің, сондай-ақ Алматы қаласының, Алматы және Жамбыл облыстарының ішкі істер органдарының жеке құрамы қатысты.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/23979/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-iim-2015-zhyldy-birinshi-zhartysy-boyynsha-zhedel-yzmet-k-rsetu-zh-mysyn-orytyndylady-523634](https://yvision.kz/kk/post/r-iim-2015-zhyldy-birinshi-zhartysy-boyynsha-zhedel-yzmet-k-rsetu-zh-mysyn-orytyndylady-523634)