---
title: "ҚР ХҚКО-ларында 35 жаңа қызметтер іске қосылды"
description: "Маусым айынан бастап Қазақстандық ХҚКО-ларда пилоттық режимде 35 жаңа қызмет қолжетімді болд..."
author: "ceka"
published: "2015-06-10T09:28:32+00:00"
modified: "2015-06-10T09:28:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-h-ko-larynda-35-zha-a-yzmetter-iske-osyldy-508200"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-h-ko-larynda-35-zha-a-yzmetter-iske-osyldy-508200/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР ХҚКО-ларында 35 жаңа қызметтер іске қосылды

> Маусым айынан бастап Қазақстандық ХҚКО-ларда пилоттық режимде 35 жаңа қызмет қолжетімді болд...

**Маусым айынан бастап Қазақстандық ХҚКО-ларда пилоттық режимде 35 жаңа қызмет қолжетімді болды. Атап айтқанда, енді халыққа қызмет көрсету орталықтарына салық есептілігін қабылдауға/кері қайтаруға, дара кәсіпкерлерге патент беруге,** **қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауға****, Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша кіруге шақыруларды ресімдеуге және т.б. үшін жүгінуге болады.**

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуы бойынша қазіргі уақытта 9 мемлекеттік органның 35 қызметі берілді. «Әзірше осы қызметтердің стандарттары қаралып жатқанда, олар ХҚКО-ларда пилоттық режимде ұсынылатын болады. Оларды бекіткен соң, пилоттық жоба аяқталады және қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негізде көрсетілетін болады», - деп атап өтті.

Балташева сонымен бірге ҚР ХҚКО-ларына жаңа қызметтерді ендіру бойынша жұмыс жалғасатынын хабарлады. Жыл аяғына дейін ХҚКО-ларға тағы да 20-дан астам жаңа қызметтер, олардың ішінде инвестициялар және даму, ауыл шаруашылық, әділет, қаржы және қорғаныс министрліктерінің қызметтерін ендіру жоспарлануда екендігін айта кетелік.

Осылайша, ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтер саны 212-ге жетеді. 2011 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары барлығы 59 қызмет көрсеткенін, 2012 жылы – 113, 2014 жылы олардың саны 171 жеткендігін айта кетейік.

ҚР ХҚКО-ларда ағымдағы жылғы 4 ай ішінде көрсетілген қызметтер саны 13 711 696 құрайды, соның ішінде 10 миллионнан астамы - электрондық.

![ҚР ХҚКО-ларында 35 жаңа қызметтер іске қосылды](https://storage.yvision.kz/images/user/ceka/15v4O1H63Qbn8dqBRJcdcbDB91Ayu0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-h-ko-larynda-35-zha-a-yzmetter-iske-osyldy-508200](https://yvision.kz/kk/post/r-h-ko-larynda-35-zha-a-yzmetter-iske-osyldy-508200)