---
title: "ҚР ДСӘДМ өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қызметін заңдастыру бойынша заңға өзгерістер енгізуді жоспарлауда"
description: "Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Сенатының деп..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-11-21T00:32:00+00:00"
modified: "2015-12-02T00:32:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-ds-dm-zin-zi-zh-myspen-amty-andardy-yzmetin-za-dastyru-boyynsha-za-a-zgerister-engizudi-zhosparlau-651745"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-ds-dm-zin-zi-zh-myspen-amty-andardy-yzmetin-za-dastyru-boyynsha-za-a-zgerister-engizudi-zhosparlau-651745/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР ДСӘДМ өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қызметін заңдастыру бойынша заңға өзгерістер енгізуді жоспарлауда

> Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Сенатының деп...

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасын ұсынды.

«Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілмек. Мемлекет азаматтардың 15 санатына (халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар тобы) жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылар үшін, салық органдарында тіркелген қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнаны өздері төлейді»,- деді ведомство басшысы.

Минимстр атап өткендей, міндетті ай сайынғы жарналар мен ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің базасында медициналық қызметтерді сатып алуды топтастыру үшін коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық формасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (Қор) құрылатын болады. Қордың құрылтайы әрі жалғыз акционері ҚР Үкіметі болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қарашада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Міндетті мемлекеттік сақтандыру туралы» заңға қол қойды.

«Медициналық және мейіргерлік білім беруді ары қарай дамыту клиникалық тәжірибе, медициналық білім беру және ғылыми қызметтің ұштұғырлығын қарастырады. Аталған мақсатта медициналық қызметтер мен кадрларды дайындаудың толық кезеңі қағидасымен ғылыми ұйымдардың, медициналық ЖОО-ның, стационарлық және амбулаторлық ұйымдардың функционалды (концорциумдар) және ұйымдастырушылық (холдингтер) бірлестіктерінің негізінде интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды (университеттік клиникаларды) дамыту тұжырымдамасын жасау жоспарланып отыр», - деді Т.Дүйсенова.

Жаңа клиникалық базалар мен университеттік клиникаларды құру жетекші халықаралық медициналық университеттер және ұйымдармен серіктестік негізінде жүзеге асырылады. Академиялық үрдістерге жетекші шетел мамандары, ғалымдар мен оқытушыларды тарту тәжірибесі кең көлемде қолданылатын болады.

"Түлектердің теориялық білім деңгейі мен тәжірибелік машықтарын бағалау мақсатында кәсіби стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибеге негізделген құзіреттілікті тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілетін болады", - деді министр.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/28614/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-ds-dm-zin-zi-zh-myspen-amty-andardy-yzmetin-za-dastyru-boyynsha-za-a-zgerister-engizudi-zhosparlau-651745](https://yvision.kz/kk/post/r-ds-dm-zin-zi-zh-myspen-amty-andardy-yzmetin-za-dastyru-boyynsha-za-a-zgerister-engizudi-zhosparlau-651745)