---
title: "ҚР ДСӘДМ зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң нормаларын түсіндірді"
description: "Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселел..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-08-06T04:05:34+00:00"
modified: "2015-08-06T04:05:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-ds-dm-zeyneta-ymen-amsyzdandyru-turaly-za-normalaryn-t-sindirdi-527431"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-ds-dm-zeyneta-ymen-amsyzdandyru-turaly-za-normalaryn-t-sindirdi-527431/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР ДСӘДМ зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң нормаларын түсіндірді

> Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселел...

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды, осы орайда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен брифингте вице-министр С. Жақыпова заңның нормаларын түсіндірді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылға дейінгі зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (әрі қарай – Заң) қол қойды.

«2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік жасқа (58-63/63) жеткен кезде ғана тағайындалатын болады. Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне ынтымақты жүйесінде (1998 жылғы 1 қаңтарына еңбек өтілі) істеп шыққан өтілін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналар аударылған кезеңін (зейнетақы жарналары аударылған нақты өтілі) қосады.Егер де, азаматтың еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе еңбек өтілі мүлде болмаса онда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің (КД) 50 %-ын құрайды. Базалық зейнетақының мөлшері 10 жылдан артық әрбір жыл үшін 2 пайызға ұлғайтылады, өтілі 35 жыл және одан көп болған жағдайда КД 100 %-ын құрайды (өтілі 20 жыл болса базалық зейнетақының мөлшері – КД 70 %-ын, ал 30 жыл болса – КД 90 %-ын құрайды)», - деді С.Жақыпова.

«2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап, қазіргі қызметтегі әскери азаматтарға зейнетақының 10 пайызы қайтарылады, бұл дегеніңіз барлық зейнетақының 50 пайызы. Аталған сомалар зейнетке шыққан азаматтар мен толық емес зейнетақы алатын азаматтарға теңдестірілген бірмезгілдік есеппен беруге жолданады»,-деді С.Жақыпова.

Вице-министр атап өткендей, бұл өзгерістер бір жағынан, еңбек өтілі көп болғанымен, табыстары туралы мәліметтердің болмауы себепті төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге қатысты әлеуметтік әділдік орнатуға, екінші жағынан, бүгінгі және болашақ қызметкерлер буынын еңбек қатынастарын заңдастыруды ынталандыру үшін мүмкіндік береді.

Аталған норманы іске асыру үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі зейнеткерлердің зейнетақы істеріндегі құжаттардың негізінде базалық зейнетақы механизмі өзгертіледі.

[Ақпарат көз](http://strategy2050.kz/news/24558/)і

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-ds-dm-zeyneta-ymen-amsyzdandyru-turaly-za-normalaryn-t-sindirdi-527431](https://yvision.kz/kk/post/r-ds-dm-zeyneta-ymen-amsyzdandyru-turaly-za-normalaryn-t-sindirdi-527431)