---
title: "ҚР ДСӘДМ NormaLife препаратын гипертонияны емдеу үшін ұсынатыны туралы интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды"
description: "Қазақстан денсаулық сақтау саласының әртүрлі сарапшыларының гипертонияны емдеуге арналған NormaLife ..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2016-03-30T04:50:19+00:00"
modified: "2016-03-30T04:50:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-ds-dm-normalife-preparatyn-gipertoniyany-emdeu-shin-synatyny-turaly-internette-taratyl-an-a-parat--686266"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-ds-dm-normalife-preparatyn-gipertoniyany-emdeu-shin-synatyny-turaly-internette-taratyl-an-a-parat--686266/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР ДСӘДМ NormaLife препаратын гипертонияны емдеу үшін ұсынатыны туралы интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды

> Қазақстан денсаулық сақтау саласының әртүрлі сарапшыларының гипертонияны емдеуге арналған NormaLife ...

Қазақстан денсаулық сақтау саласының әртүрлі сарапшыларының гипертонияны емдеуге арналған NormaLife препаратын «ҚР ДСӘДМ қан қысымын тұрақтандыратын бірден-бір дәрілік зат ретінде ресми түрде ұсынатынын» хабарлайтын сұхбаттар шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат Google.com дүниежүзілік іздеу серверіндегі вирустық жарнама баннерлері, сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылуда.

Мазмұндары бірдей сұхбаттар әртүрлі мамандардан, сонымен қатар, ҚР ДСӘДМ Кардиология мен ішкі аурулар ҒЗИ директоры Сәлім Беркінбаев, «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ Басқарма басшысының орынбасары Махаббат Бекбосыновадан алынып, белгісіз ақпарат көзіне сілтеме жасалғандықтан, жалған болып табылады.

NormaLife препараты биологиялық белсенді қосынды болып табылады, сондықтан ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі оны дәрілік зат ретінде қабылдауды ұсына алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің[www.mzsr.gov.kz](http://www.mzsr.gov.kz/) ресми сайтында жарияланады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-ds-dm-normalife-preparatyn-gipertoniyany-emdeu-shin-synatyny-turaly-internette-taratyl-an-a-parat--686266](https://yvision.kz/kk/post/r-ds-dm-normalife-preparatyn-gipertoniyany-emdeu-shin-synatyny-turaly-internette-taratyl-an-a-parat--686266)