---
title: "ҚР Әділет министрлігі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды"
description: "Бүгін ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев және Англия мен Уэльстің бұрынғы Жоғары судьясы Лорд Гарри В..."
author: "adiletgov"
published: "2017-08-28T03:54:39+00:00"
modified: "2017-08-28T03:54:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-dilet-ministrligi-men-astana-haly-araly-arzhy-ortaly-y-ah-o-yntyma-tasty-turaly-memorandum-a-ol-oy-776868"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-dilet-ministrligi-men-astana-haly-araly-arzhy-ortaly-y-ah-o-yntyma-tasty-turaly-memorandum-a-ol-oy-776868/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Әділет министрлігі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

> Бүгін ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев және Англия мен Уэльстің бұрынғы Жоғары судьясы Лорд Гарри В...

Бүгін ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев және Англия мен Уэльстің бұрынғы Жоғары судьясы Лорд Гарри Вульф ҚР Әділет министрлігі мен АХҚО-ның арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар бұл құжат құқықтың ұлықтығын ілгерілету мен оны қамтамасыз етуге, АХҚО соты шешімдерінің тиімді орындалуына, білім беру іс-шараларын іске асыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша ҚР Әділет министрлігі мен АХҚО-ның құрылатын соты арасындағы өзара іс-қимылдың жемісті болуына ықпал ететіндігін атап айтты.

Қазақстан Республикасы Президентінің бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес АХҚО-ның аясында Англия мен Уэльстің қағидаттары мен нормаларына және әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына сай жұмыс істейтін АХҚО-ның тәуелсіз соты құрылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-dilet-ministrligi-men-astana-haly-araly-arzhy-ortaly-y-ah-o-yntyma-tasty-turaly-memorandum-a-ol-oy-776868](https://yvision.kz/kk/post/r-dilet-ministrligi-men-astana-haly-araly-arzhy-ortaly-y-ah-o-yntyma-tasty-turaly-memorandum-a-ol-oy-776868)