---
title: "ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау ұйымы басшысының қызметтік әдепті бұзу фактісі бойынша тексеруді бастады"
description: "ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСМ) Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақыл..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2017-01-25T07:10:20+00:00"
modified: "2017-01-25T07:10:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-densauly-sa-tau-ministrligi-densauly-sa-tau-yymy-basshysyny-yzmettik-depti-b-zu-faktisi-boyynsha-t-751895"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-densauly-sa-tau-ministrligi-densauly-sa-tau-yymy-basshysyny-yzmettik-depti-b-zu-faktisi-boyynsha-t-751895/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау ұйымы басшысының қызметтік әдепті бұзу фактісі бойынша тексеруді бастады

> ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСМ) Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақыл...

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСМ) Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті WhatsApp мессенджері мен Facebook әлеуметтік желісі арқылы таралған бас дәрігердің әдептен тыс тәртібі туралы жазба түсірілген медициналық ұйым басшысын анықтауда.

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау аймақтық комитеті (әрі қарай - МФҚБК) жазбаның қай медициналық ұйымда және қашан түсірілгенін айқындаған соң, аталған ұйымда нормативтер мен стандарттарды бұзу фактілерін анықтап, сәйкес ұсынысты жергілікті атқарушы органға жібереді.

ҚР ДСМ барлық азаматтарға диагностикалау мен емдеудің тағайындалуына күмән болған жағдайда, немесе пациенттер құқығының бұзылу фактілері анықталғанда МФҚБК аймақтық департаменттеріне, не болмаса (7172)742802 сенім телефонына хабарласуды ұсынады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-densauly-sa-tau-ministrligi-densauly-sa-tau-yymy-basshysyny-yzmettik-depti-b-zu-faktisi-boyynsha-t-751895](https://yvision.kz/kk/post/r-densauly-sa-tau-ministrligi-densauly-sa-tau-yymy-basshysyny-yzmettik-depti-b-zu-faktisi-boyynsha-t-751895)