---
title: "ҚР Денсаулық сақтау министрі мен ДДҰ Еуропа бюросының өңірлік директоры Алматыда Денсаулық сақтау ұйымының кеңсесін ашу жөнінде келісімге қол қойды"
description: "2014 жылғы 19-20 мамырда Женевада (Швейцария) өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 67-..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2014-05-22T20:40:43+00:00"
modified: "2014-05-22T20:40:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-densauly-sa-tau-ministri-men-dd-europa-byurosyny-irlik-direktory-almatyda-densauly-sa-tau-yymyny-k-414675"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-densauly-sa-tau-ministri-men-dd-europa-byurosyny-irlik-direktory-almatyda-densauly-sa-tau-yymyny-k-414675/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Денсаулық сақтау министрі мен ДДҰ Еуропа бюросының өңірлік директоры Алматыда Денсаулық сақтау ұйымының кеңсесін ашу жөнінде келісімге қол қойды

> 2014 жылғы 19-20 мамырда Женевада (Швейцария) өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 67-...

2014 жылғы 19-20 мамырда Женевада (Швейцария) өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 67-сессиясы барысында ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасында Алматыда медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша ДДҰ жағрапиялық жырақтағы кеңсесін ашу жөнінде келісімге қол қойылды.

ҚР Үкіметі атынан Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, ДДҰ тарапынан ұйымның Еуропалық өңірлік бюросының директоры Жужанна Якаб қол қойды.

Аталған келісім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 53 мемлекеттің іс-әрекетін үйлестіретін, Еуропа және Орталық Азия аумағындағы халықаралық ұйымның алғашқы ірі кеңсесін ашуға мүмкіндік береді.

Бұл өз кезегінде Қазақстанға 1978 жылы Алматыда қабылданған медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі ДДҰ/ЮНИСЕФ Декларациясына сәйкес аталған көмек түрінің әлем бойынша дамытуда беделді саясатын қалыптастыруға жол ашады.

ДДҰ жағрапиялық жырақтағы кеңсесінің ашылуы денсаулық сақтау саласында екіжақтық жобаны кеңейтуге, ғылыми-практикалық зерттеулерді, медицина мамандарына арналған тренингтерді өткізуге жағдай туғызады.

Бұл жалпы мемлекеттің және денсаулық сақтау саласының экономикалық пен бағдарламалық дамуына мүмкіндік береді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-densauly-sa-tau-ministri-men-dd-europa-byurosyny-irlik-direktory-almatyda-densauly-sa-tau-yymyny-k-414675](https://yvision.kz/kk/post/r-densauly-sa-tau-ministri-men-dd-europa-byurosyny-irlik-direktory-almatyda-densauly-sa-tau-yymyny-k-414675)