---
title: "Әр қазақ, жалғызым!"
description: "Кешегі Құрылтайдың әңгімесі әлі таусылған жоқ. Назарбаевтың әлемнің 39 елінен келген Дүниежүзі құрыл..."
author: "erganataldanov"
published: "2017-06-24T02:22:41+00:00"
modified: "2017-06-24T02:22:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-aza-zhal-yzym-771156"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-aza-zhal-yzym-771156/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әр қазақ, жалғызым!

> Кешегі Құрылтайдың әңгімесі әлі таусылған жоқ. Назарбаевтың әлемнің 39 елінен келген Дүниежүзі құрыл...

Кешегі Құрылтайдың әңгімесі әлі таусылған жоқ.

**Назарбаевтың** әлемнің **39** елінен келген **Дүниежүзі** құрылтайының барлық қатысушыларына арнап сөз сөйлегенін **БАҚ** жарысып жазып жатыр. «**Ақорда»** ақпаратына қарасақ, шара жақсы өткенге ұқсайды.

Елбасы, **26** жылда жеткен жетістіктерге тоқталып, барлық реформалардың қайнар көзі-халықтың **ыстық-ықыласы** мен **тілегінде** екенін жеткізді.

**Р****ухани жаңғыру** аясындағы басты қағидаларға тоқталып, олардың қазақ үшін маңызды екенін тебірене жеткізді.

*Қазақ қарпінің латын әліпбиіне көшуі;

***Гуманитарлық бағыттағы үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аудару;**

***«Туған жер»**

***«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»;**

***«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»;**

*** «Қазақстандағы 100 жаңа есім» сияқты жобалардың ара-жігін ашып, айтып берді.**

«Отандастар» қорын құруды тапсырған Елбасы Қазақстанға оралушылардың құжаттарын дайындау және оларға кеңес беру жөніндегі жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Әсіресе, жастарға қолдау көрсету, білім алып, ғылыммен айналысуына жағдай жасау ынды мәселелерге тоқталды. Назарбаевтың мына сөзі елдің назарын аудартты: **Үкіметке отандастарымыздың жоғары білім алуын қолжетімді ету үшін оларға бөлінген квотаны 2 есе көбейтуді тапсырамын.** Үкімет шетелдегі қандастарымыздың ана тілінде білім алу мүмкіндіктерін қарастыруы керек деді, Елбасы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-aza-zhal-yzym-771156](https://yvision.kz/kk/post/r-aza-zhal-yzym-771156)