---
title: "ҚР АШМ БҰҰДМ-мен бірлесе журналистер арасында байқау жариялайды"
description: "ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесе журналистер ар..."
author: "msh"
published: "2016-04-15T04:44:09+00:00"
modified: "2016-04-15T04:44:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-ashm-b-dm-men-birlese-zhurnalister-arasynda-bay-au-zhariyalaydy-689334"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-ashm-b-dm-men-birlese-zhurnalister-arasynda-bay-au-zhariyalaydy-689334/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР АШМ БҰҰДМ-мен бірлесе журналистер арасында байқау жариялайды

> ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесе журналистер ар...

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесе журналистер арасында органикалық ауыл шаруашылық өнімдерін насихаттауға арналған байқау жариялайды. Конкурстың мақсаты – халықтың органикалық ауыл шаруашылық өнімінің пайдасы туралы ақпараттандыру деңгейін көтеру; экологиялық таза, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін насихаттау және т.б. Байқау 2016 жылғы 15 сәуірден 30 мамыр аралығында өткізіледі. Қатысам деушілер Ұйымдастыру комитетіне өз жұмыстарын көрсетілген мекен-жайға жолдау тиіс: Астана қ., Бөкейхан к., 14, БҰҰДБ офисі, тел.: +7/7172/69-65-50, немесе электронды мекен-жайға:[yerlan.zhumabayev@undp.org](mailto:yerlan.zhumabayev@undp.org) көшірмесі [minagripress@gmail.com](mailto:minagripress@gmail.com). Конкурс қорытындылары 15-30 маусымға дейін БҰҰДМ мен ҚР АШМ-нің сайттарында жарияланады. Байқау жеңімпаз-жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады (ноутбук, планшет, фотоаппарат).Толығырақ ақпаратпен БҰҰДМ-нің сайтында танысуға болады ([http://www.kz.undp.org/content/kazakhstan/ru/home/presscenter/pressreleases/2016/04/14/-.html](http://www.kz.undp.org/content/kazakhstan/ru/home/presscenter/pressreleases/2016/04/14/-.html)).

ҚР АШМ баспасөз қызметі+7 (7172) 555-765[minagripress@gmail.com](mailto:minagripress@gmail.com)www.minagri.gov.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-ashm-b-dm-men-birlese-zhurnalister-arasynda-bay-au-zhariyalaydy-689334](https://yvision.kz/kk/post/r-ashm-b-dm-men-birlese-zhurnalister-arasynda-bay-au-zhariyalaydy-689334)