---
title: "ҚР АШМ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Концепциясының жобасын әзірлеуде"
description: "Астана. 21 мамыр. Baq.kz – Қазақстанда ішкі тұтынудағы азық-түліктің негізгі өнімдерін өндіру деңгей..."
author: "msh"
published: "2015-05-21T23:39:54+00:00"
modified: "2015-05-21T23:39:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-ashm-azy-t-lik-auipsizdigin-amtamasyz-etu-koncepciyasyny-zhobasyn-zirleude-503515"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-ashm-azy-t-lik-auipsizdigin-amtamasyz-etu-koncepciyasyny-zhobasyn-zirleude-503515/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР АШМ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Концепциясының жобасын әзірлеуде

> Астана. 21 мамыр. Baq.kz – Қазақстанда ішкі тұтынудағы азық-түліктің негізгі өнімдерін өндіру деңгей...

![ҚР АШМ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Концепциясының жобасын әзірлеуде](https://storage.yvision.kz/images/user/msh/1Wwu8QKAC90LMWeFrixPFvEnN21Lmr.jpg)

Астана. 21 мамыр. Baq.kz – Қазақстанда ішкі тұтынудағы азық-түліктің негізгі өнімдерін өндіру деңгейі 80% құрайды. Бүгінгі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылға дейін еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Концепциясының жобасын әзірлеуде. Бұл туралы азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын 8-ші Астана экономикалық форумы шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Панельдік сессиясының қатысушылары талқылады.

Біріккен ұлттар ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) әдістемесі бойынша азық-түлік қауіпсіздігінің 4 элементі бар: азық-түлік тәуелсіздігі, транспорттық-логистикалық және қойма инфрақұрылымының болуы, азық-түліктердің экономикалық қол жетімділігі, азық-түлік өнімінің қауіпсіздігі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков атап өткендей, азық-түлік қауіпсіздігі іс жүзінде азық-түлік өндірісі ғана емес, жалпы экономиканың дамуының жағдайын білдіреді. «Бұл жағдайда Қазақстанның ауыл шаруашылығы оң үрдіске ие. Жалпы өнімнің ортақ көлемі соңғы 5 жылда 1,5 астам есеге өсті және 2014 жылдың қорытындысы бойынша 13,5 млрд. АҚШ долларын (2,5 трлн. теңгені) құрады» деп атап өтті министр. Сондай-ақ, 2011 жылы Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымын құру туралы бастама жасады. Панелдік сессияға ФАО бас директоры Жозе Грациану да Сильва, халықаралық ауыл шаруашылығы даму қорының вице-президенті (ИФАД) Мишель Мордасини, Беларусь Республикасының ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары Людмила Нижевич, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының президенті Ғани Қалиев, ҚР Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы Ромин Мәдинов қатысты. Панелдік сессияға қатысушылар республикада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шараларды күшейтуді ұсынды. Источник:http://baq.kz/kk/news/65491

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-ashm-azy-t-lik-auipsizdigin-amtamasyz-etu-koncepciyasyny-zhobasyn-zirleude-503515](https://yvision.kz/kk/post/r-ashm-azy-t-lik-auipsizdigin-amtamasyz-etu-koncepciyasyny-zhobasyn-zirleude-503515)