---
title: "ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қар құрсауында қалған адамдарды құтқарды"
description: "Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Алматы облысындағы Сарыөзек-Көктал автокөлік жолында..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-02-17T23:49:00+00:00"
modified: "2014-02-17T23:49:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-aruly-k-shterini-skeri-yzmetshileri-ar-rsauynda-al-an-adamdardy-t-ardy-401211"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-aruly-k-shterini-skeri-yzmetshileri-ar-rsauynda-al-an-adamdardy-t-ardy-401211/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қар құрсауында қалған адамдарды құтқарды

> Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Алматы облысындағы Сарыөзек-Көктал автокөлік жолында...

**Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Алматы облысындағы Сарыөзек-Көктал автокөлік жолында қар құрсауында қалған адамдарды құтқаруға қатысты.**

Жолдың қар басып қалған учаскесінен көліктер мен жүргіншілерді эвакуациялау жөніндегі жұмыс түн ортасынан таңғы сағат 6-ға дейін жалғасты.

Техника мен жеке құрам бөлу туралы сұрау ҚР Қорғаныс министрлігіне ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық дағдарыстық орталығынан 17 ақпан күні кешкі сағат 19.00-де келіп түсті. ҚР ҚК Құрлық әскерлеріне қарасты 12740 әскери бөлімінен МТЛБУ сүйреткіш машинасы мен КАМАЗ-43114 автокөлігі, сондай-ақ 5 адамнан құралған жеке құрам бөлінді.

ҚР ҚК әскери қызметшілері 15 бірлік автомобиль техникасы мен 27 адамды эвакуациялап, оларды жылынатын жерге жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-aruly-k-shterini-skeri-yzmetshileri-ar-rsauynda-al-an-adamdardy-t-ardy-401211](https://yvision.kz/kk/post/r-aruly-k-shterini-skeri-yzmetshileri-ar-rsauynda-al-an-adamdardy-t-ardy-401211)