---
title: "ҚР 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын БҚО іске асыру жолдары мен тетіктері"
description: "2015 жылдың 24 шілдесінде Департамент ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы с..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-07-28T07:26:41+00:00"
modified: "2015-07-28T07:26:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-2025-zhyl-a-deyingi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyn-b-o-iske-asyru-zholdary-men-tetikteri-525504"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/r-2025-zhyl-a-deyingi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyn-b-o-iske-asyru-zholdary-men-tetikteri-525504/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын БҚО іске асыру жолдары мен тетіктері

> 2015 жылдың 24 шілдесінде Департамент ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы с...

![ҚР 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын БҚО іске асыру жолдары мен тетіктері](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/v0T7352YN18Z1013h6aJqs2YRS0628.jpg)

![ҚР 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын БҚО іске асыру жолдары мен тетіктері](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/lCeZ5lH95a5VTvLr3EvxMCW6mje0Qt.jpg)

2015 жылдың 24 шілдесінде Департамент ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын тиімді іске асыру мақсатында «ҚР 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын БҚО іске асыру жолдары мен тетіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға Департамент және «Нұр Отан» партиясы БҚОФ жанындағы қоғамдық кеңестердің мүшелері, Тәртіптік кеңес мүшелері, облыс әкімдігі мен мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар және облыстық мәслихаттың депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар алдында Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Сүйінбаев ҚР «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының Батыс Қазақстан облысында орындалуы және оны жүзеге асырудағы жергілікті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығы» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралардың облыстық жоспарындағы кемшіліктер және оны формалды түрде жасалғаны аталды. Талқылауда Департамент жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы А.Әйтімов баяндамада айтылған сын-пікірлердің орынды екеніне тоқталып, «Нұр Отан» партиясы БҚОФ жанындағы қоғамдық кеңеспен бірлескен отырыстар өткізуді тәжірибеге енгізу мәселесін ұсынды. Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясының БҚОФ жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасы А.Иманғалиев әріптесі А.Әйтімовтың ұсынысын қолдап, партия жанындағы Кеңесте берілген ұсыныстардың мемлекеттік органдарда орындалу мәселесін қозғады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыруды ерте жастан бастау және аталған бағыт бойынша пәнннің ЖОО, ОАОО, мектептердің білім беру бағдарламаларына енгізу жөнінде ой-пікірін білдірді. «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасының төрағасы Ж.Қожжанов журналисттер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруда және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруда белсенді болуын, олардың қызметі тек «рейтинг» көтеру болмауы керектігі жөнінде сөз қозғады. Дөңгелек үстел жұмыс барысында басқа да қатысушылардың ұсыныс пікірлері тыңдалды. Шара қорытындысы бойынша облыстық жоспарын қайта толықтыру және аталған Жоспарды мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесе іске асыру жөнінде ұсыныстар жасақталды.

![ҚР 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын БҚО іске асыру жолдары мен тетіктері](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/y6o9ycc1LGhBUCXOz6e4CBmjyXVSi6.jpg)

![ҚР 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын БҚО іске асыру жолдары мен тетіктері](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/D341UCCw2r5oRVcTI7iW71xsEwXMUp.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/r-2025-zhyl-a-deyingi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyn-b-o-iske-asyru-zholdary-men-tetikteri-525504](https://yvision.kz/kk/post/r-2025-zhyl-a-deyingi-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyn-b-o-iske-asyru-zholdary-men-tetikteri-525504)