---
title: "&quot;IT-тірлік&quot;, Атамекен StartupWeekend, 1 орын!"
description: "… неден бастарымды білмеймін… Қысқасы, Атырауда, кешегі жұма 12-інен, бүгін 14-қазан аралығында «Ат..."
author: "temirrr"
published: "2012-10-21T13:21:50+00:00"
modified: "2012-10-21T13:21:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/quot-it-tirlik-quot-atameken-startupweekend-1-oryn-297672"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/quot-it-tirlik-quot-atameken-startupweekend-1-oryn-297672/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# &quot;IT-тірлік&quot;, Атамекен StartupWeekend, 1 орын!

> … неден бастарымды білмеймін… Қысқасы, Атырауда, кешегі жұма 12-інен, бүгін 14-қазан аралығында «Ат...

… неден бастарымды білмеймін…

!["IT-тірлік", Атамекен StartupWeekend, 1 орын!](http://www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/27/2012/10/14/d2560f.jpg)

Қысқасы, Атырауда, кешегі жұма 12-інен, бүгін 14-қазан аралығында [«Атамекен» ұлттық-экономикалық палатасы](http://atamekenunion.kz/) ұйымдастырып, еліміздегі ірі компаниялар демеушілік көрсеткен startupweekend болып өтті. Соған мен де өзімнің арысы бір жыл, берісі жарты жылдан бері ит болып жүгіріп жүрген ["ІТ-тірлік"](http://it-tirlik.kz/) атты онлайн журналымды ұсынған едім. Аллаһ қолдап, жүлделі бірінші орынды алдым. Алғаным 500 000 теңге. 10 пайыз салығын төлеймін

!["IT-тірлік", Атамекен StartupWeekend, 1 орын!](http://l.yimg.com/us.yimg.com/i/mesg/emoticons7/1.gif)

)

Обшым, осы уақытқа дейін менімен бірге болған, маған сенген, көмектескен, ат салысқандардың баршасына шын-жүректен алғысымды білдіремін.

Айтпақшы, ["ІТ-тірлік"](http://it-tirlik.kz/) журналымды көріп «сайты быт-шыт, журналдың өзі анау. Бұның қай жеріне бас жүлде?» демеңіздер. Олар осы тұрысына емес болашағының жарқындығына сеніп табыстады. Менің ендігі мақсатым, сол сенімді ақтай білу.

Айтпақшы-2, осы Атырауда өткен шарада ғана бірінші орынға 500 мың бекітілген. Бұған дейін 300 мың болған. Анау екі чекпен тұрғаным сондықтан

!["IT-тірлік", Атамекен StartupWeekend, 1 орын!](http://l.yimg.com/us.yimg.com/i/mesg/emoticons7/1.gif)

)

!["IT-тірлік", Атамекен StartupWeekend, 1 орын!](http://www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/27/2012/10/14/640f65.jpg)

!["IT-тірлік", Атамекен StartupWeekend, 1 орын!](http://www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/27/2012/10/14/a97310.jpg)

!["IT-тірлік", Атамекен StartupWeekend, 1 орын!](http://www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/27/2012/10/14/7a4d6f.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/quot-it-tirlik-quot-atameken-startupweekend-1-oryn-297672](https://yvision.kz/kk/post/quot-it-tirlik-quot-atameken-startupweekend-1-oryn-297672)