---
title: "&quot;Балапан&quot; балалар телеарнасы өз жұмысын бастады..."
description: "Үстіміздегі жылдың 27-ші қыркүйегінен бастап \"Қазақстан\" Ұлттық Телерадиокорпорациясы жанына..."
author: "Isaeff"
published: "2010-10-02T10:54:59+00:00"
modified: "2010-10-02T10:54:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/quot-balapan-quot-balalar-telearnasy-z-zh-mysyn-bastady-76696"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/quot-balapan-quot-balalar-telearnasy-z-zh-mysyn-bastady-76696/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# &quot;Балапан&quot; балалар телеарнасы өз жұмысын бастады...

> Үстіміздегі жылдың 27-ші қыркүйегінен бастап "Қазақстан" Ұлттық Телерадиокорпорациясы жанына...

!["Балапан" балалар телеарнасы өз жұмысын бастады...](https://storage.yvision.kz/images/user/isaeff/AhYAQH7D6a07135qOd4y4p5a39kVlL.jpg)

**Үстіміздегі** жылдың 27-ші қыркүйегінен бастап "Қазақстан" Ұлттық Телерадиокорпорациясы жанынан балаларға арналған "БАЛАПАН" телеарнасы өзінің жұмысын бастады. Еліміздің жас ұрпағына жетіспей жүрген бұл телеарна елбасы, ҚР президенті Н.Назарбаевтың тікелей "Балапан" бағдарламасы арқылы жүзеге асып отыр.

Еліміздің тарихына алтын таңбадай басылатын бұл оқиғаға өзімнің ат салысқаныма қатты қуаныштымын. Телевизия саласында жүргеніме 10 жыл болса да, бұл менің балаларға арнап жасап отырған алғашқы еңбегім. Қарсы алыңыздар, эфирде "Әліппе" оқу-әдістемелік бағдарламасы.

"Әліппе" бағдарламасында не көре аламыз десеңіздер: «А»-дан бастап, «Я»-ға дейінгі әріптерді танытып-оқытатын бұл жоба жас буынның бала-бақшада алған білімін жетілдіріп, шығармашылығын шыңдап, ойлау қабілетін арттырып, айналаны танып-біліп, сөздік қорын молайтуды мақсат тұтады. Сәбилерге түсінікті, жеңіл тілмен шығатын «Әліппеде» қызықты ойындар ұйымдастырылады, мультфильмдер, ертегі, жұмбақ, т.б. әдістемелік құралдар қолданылады. Мұның барлығы баланы барынша жалықтырмаудың қамы.

Олай болса достар, баршаңызды "БАЛАПАН" балалар телеарнасын тамашалауға шақырамын. "Әліппе" бағдармаласы күнделікті сағат 13:10 және 18:40 эфирге шығып отырады.

Шын жүректен, "Әліппе" бағдарламасының бас продюсері

Азамат Исаев

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/quot-balapan-quot-balalar-telearnasy-z-zh-mysyn-bastady-76696](https://yvision.kz/kk/post/quot-balapan-quot-balalar-telearnasy-z-zh-mysyn-bastady-76696)