---
title: "&quot;Қазақтелекомда&quot; өрт шығып, кейбір телефондар тілсіз қалды"
description: "Таңертең жұмысқа келсем, телефон жасамай тұр екен. Түнде (1-ші қазан күні түнгі сағат 22:30-дар шам..."
author: "miss-Lee"
published: "2012-10-02T06:04:11+00:00"
modified: "2012-10-02T06:06:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/quot-aza-telekomda-quot-rt-shy-yp-keybir-telefondar-tilsiz-aldy-293670"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/quot-aza-telekomda-quot-rt-shy-yp-keybir-telefondar-tilsiz-aldy-293670/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# &quot;Қазақтелекомда&quot; өрт шығып, кейбір телефондар тілсіз қалды

> Таңертең жұмысқа келсем, телефон жасамай тұр екен. Түнде (1-ші қазан күні түнгі сағат 22:30-дар шам...

!["Қазақтелекомда" өрт шығып, кейбір телефондар тілсіз қалды](http://storage.yvision.kz/images/user/miss-lee/LoX54Rr0X8bVj7xBi7Dkn1J7QwhrKP.jpg)

Таңертең жұмысқа келсем, телефон жасамай тұр екен. Түнде (1-ші қазан күні түнгі сағат 22:30-дар шамасында) Телекоммуникация ғимаратынан өрт шыққан екен.

Мамандардың хабарлауынша, өрттің салдарынан Ақтаудағы 30, 31-ден басталатын 7000-нан астам телефон нөмірі істен шықты. Осылайша, тілсіз жау Ақтаудың кейбір шағынаудандарын телефонсыз қалдырды.

- Тілсіз жау нөмірі 30, 31-ден басталатын автономды телекоммуникациялық қызметтің сымдарын зақымдап кетті. Қазір ол сымдарды ауыстыруға кірісіп кеттік. Әзірге, жүйенің қай уақытта қалпына келтірілетінін нақты айта алмаймын, – дейді «Қазақтелеком» АҚ МОФ бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Ақниязов.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына 5 өрт сөндіру және құтқару көлігін жөнелтіп, жеті байланысшыны аман алып қалды. Алдын-ала жасалған болжамға сүйенсек, от ғимараттың екінші қабатындағы серверлік қызмет орталығында болған қысқа тұйықталудан тұтануы мүмкін. Өрттің нақты неден орын алғанын өртке қарсы қызметтің мамандары анықтау үстінде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/quot-aza-telekomda-quot-rt-shy-yp-keybir-telefondar-tilsiz-aldy-293670](https://yvision.kz/kk/post/quot-aza-telekomda-quot-rt-shy-yp-keybir-telefondar-tilsiz-aldy-293670)