---
title: "«Quest-Pavlodar» ойыны өтті"
description: "Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы жастарға..."
author: "CRMI"
published: "2016-07-29T03:54:56+00:00"
modified: "2016-07-29T03:54:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/quest-pavlodar-oyyny-tti-704506"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/quest-pavlodar-oyyny-tti-704506/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Quest-Pavlodar» ойыны өтті

> Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы жастарға...

Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы жастарға қалай бойы «Quest-Pavlodar» ойының өткізді. Ойынға төрт команда қатысып, ой зеректіліктері мен шапшандылықтарын көрсетті.

Қатысқан командалар: «A», «HOME CREDIT PAVLODAR», «ЗООПАРК», «GIRLS». Орталық жағажайда қатысушыларға түрлі түсті жиделер таратылып, ойын шарттары түсіндірілді.

![«Quest-Pavlodar» ойыны өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/7GzqyuZAKC67dfTgxkXM5zyY7ip1Uh.jpg)

«Ойын ережесіне сәйкес қадағалау нүктелері орнатылған бағыттар бойынша жүріп өту керек. Әр нүктеде командаларға түрлі сипаттағы тапсырмалар берілді - шығармашылық, лигикалық, физикалық төзімділігіне қатысты және т.б. Ереже бойынша тиісті бағытты ең аз уақыт ішінде жүріп өткен және барлық тапсырманы дұрыс орындап шыққан команда жеңіске жетеді.

![«Quest-Pavlodar» ойыны өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/WoZ9QnYl06z7nKNs850W4KQC0ML448.jpg)

Квест-ойыны түріндегі жарыс қатысушылардың қала тарихы, Отан және басқа да қызық ақпарат жинауға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді.

![«Quest-Pavlodar» ойыны өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/3VFKnIoY6APzVKi1J5Nvht5JJNo0Ec.jpg)

Мәреге «HOME CREDIT PAVLODAR» командасы бірінші болып жетіп, электронды планшеттің иегерлері атанды. ALTEL 4G роутеры екінші орынды ұтып алған «ЗООПАРК» командасының мүшелеріне табысталды. Ұялы телефондарды үшінші орынды ұтып алған «GIRLS» командасының жастары иеленді. «А» командасы болса тапсырмалардан сәл қиналып, мәреге соңғы болып жетті. Соңғы келген командаға флеш карта тарту етілді. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша осыған тектес ойындар алдағы уақытта өткізілетін болады.

![«Quest-Pavlodar» ойыны өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Jihe3QmoWqjK56L7h7m6cepAN5Hzy8.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/quest-pavlodar-oyyny-tti-704506](https://yvision.kz/kk/post/quest-pavlodar-oyyny-tti-704506)