---
title: "«QAZAQ AIR» сатылымға қайта шығарылды"
description: "«Самұрық-Қазына» АҚ «QAZAQ AIR» әуе компаниясын екінші рет сатылымға шығарды. «Самұрық-Қазына» АҚ..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-09T09:08:42+00:00"
modified: "2024-01-09T09:08:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/qazaq-air-satylym-a-ayta-shy-aryldy-999699"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/qazaq-air-satylym-a-ayta-shy-aryldy-999699/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «QAZAQ AIR» сатылымға қайта шығарылды

> «Самұрық-Қазына» АҚ «QAZAQ AIR» әуе компаниясын екінші рет сатылымға шығарды. «Самұрық-Қазына» АҚ...

«Самұрық-Қазына» АҚ «QAZAQ AIR» әуе компаниясын екінші рет сатылымға шығарды.

![«QAZAQ AIR» сатылымға қайта шығарылды](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/f8c3fdffbf052d241f969e8c69d153.jpg)

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа ашық екі кезеңдік конкурс аясында «QAZAQ AIR» АҚ акцияларының 49-дан 100 пайызға дейін сату бойынша конкурс өткізу басталғанын хабарлайды. Бұған дейін, 2023 жылғы 13 қарашада «QAZAQ AIR» АҚ-ты жекешелендіру бойынша алғашқы ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылды», - деп жазылған «Самұрық-Қазына» сайтында.

Компанияны жекешелендірудегі басты мақсат – оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар бәсекелестік нарығындағы квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету.

Конкурстың бірінші кезеңінде өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 қаңтарда сағат 10:00-де аяқталады. Қорытындыны шығару 2024 жылғы 16 ақпанға белгіленген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/qazaq-air-satylym-a-ayta-shy-aryldy-999699](https://yvision.kz/kk/post/qazaq-air-satylym-a-ayta-shy-aryldy-999699)