---
title: "Путинді Бектенов қарсы алды"
description: "Ресей президенті Владимир Путинді Астана әуежайында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектено..."
author: "orazali"
published: "2024-07-03T04:29:06+00:00"
modified: "2024-07-03T04:29:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/putindi-bektenov-arsy-aldy-1006191"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/putindi-bektenov-arsy-aldy-1006191/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Путинді Бектенов қарсы алды

> Ресей президенті Владимир Путинді Астана әуежайында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектено...

*Ресей президенті Владимир Путинді Астана әуежайында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.* ![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/795a269a8b3faf7efca45bc7944b999d.jpg) Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд болды. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі - $19,1 млрд. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы - $7,4 млрд**.**

[https://t.me/KZgovernment](https://t.me/KZgovernment)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/putindi-bektenov-arsy-aldy-1006191](https://yvision.kz/kk/post/putindi-bektenov-arsy-aldy-1006191)