---
title: "Промоутерлер: Уордты тек Головкин жеңе алады"
description: "Қазіргі кездегі мықты боксшы саналатын америкалық Андре Уордтың Эдвин Родригесті ойсырата жеңгені б..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-11-21T06:23:37+00:00"
modified: "2013-11-21T06:23:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/promouterler-uordty-tek-golovkin-zhe-e-alady-385962"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/promouterler-uordty-tek-golovkin-zhe-e-alady-385962/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Промоутерлер: Уордты тек Головкин жеңе алады

> Қазіргі кездегі мықты боксшы саналатын америкалық Андре Уордтың Эдвин Родригесті ойсырата жеңгені б...

[!\[головкин\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/photo_33576-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/photo_33576.jpg)

Қазіргі кездегі мықты боксшы саналатын америкалық Андре Уордтың Эдвин Родригесті ойсырата жеңгені белгілі. Осы жекпе-жектен кейін баспасөзге Родригестің промоутері Лу ДиБелла сұхбат берді, деп хабарлайды isport.ua порталына сілтеме жасай отырып sports.kz.

«Уорд керемет жекпе-жек көрсетті. Ол Эдвиннен мықты болды және рингте шеберлігін көрсете білді. Менің ойымша, Уордпен тек Головкин қарсыласа алады. Қолымда болса, мен аса үлкен қуанышпен бұл жекпе-жекті ұйымдастырушы едім. Сонымен, күмәндарыңыз болмасын, алда екі мықты боксшының жекпе-жегі күтіп тұр», — деді ДиБелла.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/promouterler-uordty-tek-golovkin-zhe-e-alady-385962](https://yvision.kz/kk/post/promouterler-uordty-tek-golovkin-zhe-e-alady-385962)