---
title: "«Проблема» бар, бірақ, бізде ғана емес!"
description: "Желіде жиі отырмасам да, анда-санда бас сұғып, кіріп қоямын. Ел не дейді? Кім, не істеп жатыр дегенд..."
author: "tracyb"
published: "2017-03-28T22:36:44+00:00"
modified: "2017-03-28T22:36:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/problema-bar-bira-bizde-ana-emes-761604"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/problema-bar-bira-bizde-ana-emes-761604/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Проблема» бар, бірақ, бізде ғана емес!

> Желіде жиі отырмасам да, анда-санда бас сұғып, кіріп қоямын. Ел не дейді? Кім, не істеп жатыр дегенд...

Желіде жиі отырмасам да, анда-санда бас сұғып, кіріп қоямын. **Ел** не дейді? Кім, не істеп жатыр дегендей...

Бір таңғалатыным, кей адамдар жеке басының психологиялық ахуалын желіге **«құсып»** кеп жібереді. Отбасымен жан-жалы, жұмыстағы кикілжіңдер, көршісімен болған **«айқай-шу»** т.с.с **«қырт»** мәселелерін ортаға кеп талқылайды. Одан бөлек, **«қызып»** алып, мемлекеттік жүйені жамандап, көки жөнеледі. **Еуропа** керемет!, **АҚШ** мұндай, біз бұндаймыз, неге ондай? Кім кінәлі? Елбасы немесе төңірегінде жүрген **«шенеуніктерге»** қойып кетеді. Назарбаев та адам. Етпен сүйектен жаратылған. Оның да **сезімі**, **эмоциясы** бар. Қатты айтсақ, **«құлқыны»** бар. Ішеді, жейді. Бірақ, билік бәрін құртты, халық тобыр, ешкім бас көтермейді. Дамуымыз кенжелеп, құрдымға кетудің алдында тұрмыз деген психологиялық **шерудің** не керегі бар?**(!)**

Бетін аулақ қылсын! Егер, алда-жалда сондай бір **«өзгеріс»** болды делік, оны жеке бас пайдасы пайдаланып кетуші, **«машина»** тұрғанын солар қалай білмейді?

Олар кімдер?, деуі мүмкін. Сіз мақтаған, **Еуропа** мен **АҚШ** ңыз, Шығыстағы **Қытайыңыз** бен Батыстағы **Ресейіңіз** болуы мүмкін. **Трансұлттық қаржылық** топтарға жем болмайық, ағайын! Олар, тіпті жаман, түтіп жейді. Әр қадамымызды ойланып, ақылмен жасайық. Қол қышып бара жатса, аулаға **«груша»** іліп, соны ұрыңыздар. Сол пайдалырақ!

Ал, **«проблема»** кімде жоқ? Бәрінде бар, жұмыр басты пенде сол **«проблеманы»** көру үшін, **«сынақтан»** өту үшін жаратылған. Осыны есте ұстайық, ағайын!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/problema-bar-bira-bizde-ana-emes-761604](https://yvision.kz/kk/post/problema-bar-bira-bizde-ana-emes-761604)