---
title: "Тоқаев: Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы ынтымақтастықтың кепілі"
description: "Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту және ШЫҰ-ның рөлі туралы маңызды ойларын жариялады"
author: "akorda"
published: "2025-08-30T02:05:52+00:00"
modified: "2025-08-30T02:05:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezidenttin-china-daily-gazetindegi-makalasy-kazakstan-men-kytaydyn-strategiyalyk-seriktestigi-1016783"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezidenttin-china-daily-gazetindegi-makalasy-kazakstan-men-kytaydyn-strategiyalyk-seriktestigi-1016783/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев: Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы ынтымақтастықтың кепілі

> Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту және ШЫҰ-ның рөлі туралы маңызды ойларын жариялады

Бүгін Қытайдың ағылшын тілді танымал Сhina Daily газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың **«Strong Kazakh-Sino ties key to successful cooperation**» (*«Қазақстан мен Қытайдың берік қарым-қатынасы – табысты ынтымақтастық кепілі»*) атты мақаласы жарық көрді. Мақалада Қазақстан мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін нығайту тақырыптары қозғалған.

Газеттің дүниежүзілік таралымы – **700 000 дана.**

Басылымның газет, онлайн және мобильді нұсқаларын әлем бойынша **350 миллионнан астам адам** оқиды.

Мақалаға сілтеме: [https://www.chinadaily.com.cn/a/202508/30/WS68b230f7a3108622abc9dea5.html](https://www.chinadaily.com.cn/a/202508/30/WS68b230f7a3108622abc9dea5.html)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/prezidenttin-china-daily-gazetindegi-makalasy-kazakstan-men-kytaydyn-strategiyalyk-seriktestigi-1016783](https://yvision.kz/kk/post/prezidenttin-china-daily-gazetindegi-makalasy-kazakstan-men-kytaydyn-strategiyalyk-seriktestigi-1016783)