---
title: "Президенттің Іс басқарушысы тағайындалды"
description: "ҚР Президентінің Іс басқарушысы болып Асат Нұрпейісов тағайындалды. \"Мемлекет басшысының..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-02-07T12:38:50+00:00"
modified: "2024-02-07T12:38:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezidentti-is-bas-arushysy-ta-ayyndaldy-1000821"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezidentti-is-bas-arushysy-ta-ayyndaldy-1000821/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Президенттің Іс басқарушысы тағайындалды

> ҚР Президентінің Іс басқарушысы болып Асат Нұрпейісов тағайындалды. "Мемлекет басшысының...

ҚР Президентінің Іс басқарушысы болып Асат Нұрпейісов тағайындалды.

![Президенттің Іс басқарушысы тағайындалды](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/1d011a370129698dff68722e157e9c.jpg)

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асат Болатұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазады t.me/aqorda_resmi.

Кешеге дейін бұл қызметті Айбек Дәдебаев атқарған еді. Енді ол - Президент әкімшілігінің басшысы.

Ал Нұрпейісов бұған дейін Президент Іс басқарушысының орынбасары болған.

Асат Нұрпейісов 1987 жылы 18 шілдеде дүниеге келген.

2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2012 жылы Еуропалық бизнес мектебін бітірген, MSc Global Banking and Finance «Халықаралық банк ісі және қаржы» магистрі.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2012-2015 жылдары KPMG Tax and Advisory менеджмент консалтингінде жұмыс істеген.

2015-2016 жылдары – Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.

2016-2017 жылдары – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Жобалық басқару орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары, меңгерушінің міндетін атқарушы.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы аппаратының басшысы.

2022 жылғы 16 ақпаннан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2023 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лаузымына тағайындалды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/prezidentti-is-bas-arushysy-ta-ayyndaldy-1000821](https://yvision.kz/kk/post/prezidentti-is-bas-arushysy-ta-ayyndaldy-1000821)