---
title: "Президент «Самұрық-Қазына» басшысын қабылдады"
description: "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Нұрлан Жақыпов: Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берді; холдинг..."
author: "jan.123"
published: "2024-03-14T10:23:47+00:00"
modified: "2024-03-14T10:25:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-sam-ry-azyna-basshysyn-abyldady-1002246"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-sam-ry-azyna-basshysyn-abyldady-1002246/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Президент «Самұрық-Қазына» басшысын қабылдады

> Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Нұрлан Жақыпов: Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берді; холдинг...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады.

![Президент «Самұрық-Қазына» басшысын қабылдады](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/363b220df2d0098ec9237546a38238.jpg)

Нұрлан Жақыпов:

Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берді;

холдинг қызметінің басым бағыттары туралы баяндады: ➤ олардың қатарына инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жоғары технологиялық өнім шығару, шетелден тікелей инвестиция тарту, Қор компанияларының экономиканы кросс-субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тартуы және «Самұрық-Қазына» компанияларының IPO-ға шығуы мен SPO кіреді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қор жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді. t.me/aqorda_resmi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/prezident-sam-ry-azyna-basshysyn-abyldady-1002246](https://yvision.kz/kk/post/prezident-sam-ry-azyna-basshysyn-abyldady-1002246)