---
title: "Президент оразаның басталуымен құттықтады"
description: "Хижра бойынша бүгін Рамазан айы басталды. Осыған орай Мемлекет басшысы халықты құттықтады. Фото: sputnik.kz Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл –..."
author: "orazali"
published: "2024-03-11T04:12:38+00:00"
modified: "2024-03-11T04:12:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-orazany-bastaluymen-tty-tady-1002092"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-orazany-bastaluymen-tty-tady-1002092/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Президент оразаның басталуымен құттықтады

> Хижра бойынша бүгін Рамазан айы басталды. Осыған орай Мемлекет басшысы халықты құттықтады. Фото: sputnik.kz Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл –...

Хижра бойынша бүгін Рамазан айы басталды. Осыған орай Мемлекет басшысы халықты құттықтады.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/067b710330f9952703ec3f78566139.jpg)

Фото: sputnik.kz

**Қымбатты отандастар!**

Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.

Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.

Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.

Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін.

Ораза қабыл болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!

akorda.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/prezident-orazany-bastaluymen-tty-tady-1002092](https://yvision.kz/kk/post/prezident-orazany-bastaluymen-tty-tady-1002092)