---
title: "Президент Кубогы үшін жарыста ел құрамасы үшінші рет жеңіске жетті"
description: "Еліміздің волейболдан әйелдер құрамасы «Қазақстан Президентінің Кубогы-2013» халықаралық бәсекес..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-27T03:40:56+00:00"
modified: "2013-06-27T03:40:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-kubogy-shin-zharysta-el-ramasy-shinshi-ret-zhe-iske-zhetti-359777"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-kubogy-shin-zharysta-el-ramasy-shinshi-ret-zhe-iske-zhetti-359777/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Президент Кубогы үшін жарыста ел құрамасы үшінші рет жеңіске жетті

> Еліміздің волейболдан әйелдер құрамасы «Қазақстан Президентінің Кубогы-2013» халықаралық бәсекес...

[!\[Президент Кубогы үшін жарыста ел құрамасы үшінші рет жеңіске жетті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/f.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/f.jpg)

 

Еліміздің волейболдан әйелдер құрамасы «Қазақстан Президентінің Кубогы-2013» халықаралық бәсекесінде үшінші мәрте топ жарды. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Доданың үшінші күні жерлестеріміз 3:2 есебімен әзербайжандық волейболшылардан басым түсті. Бұған дейін еліміздің бірінші құрамасы 3:2 есебімен Белоруссияның өкілдерін сүріндірсе, Екатеринбордан келген «Уралочка-2» командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Қазақстанның екінші құрамасы қытайлық «Ляонин» командасына 0:3 есебімен жол берді. Өз кезегінде белоруссиялық нәзік жандар «Уралочка-2» 3:0 есебімен жеңді.

Бүгін еліміздің бірінші және екінші құрамасы өзара бақ сынасады. Кездесу Павлодардың «Астана» мұз сарайында Астана уақыты бойынша сағат 17:00 өтеді

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/prezident-kubogy-shin-zharysta-el-ramasy-shinshi-ret-zhe-iske-zhetti-359777](https://yvision.kz/kk/post/prezident-kubogy-shin-zharysta-el-ramasy-shinshi-ret-zhe-iske-zhetti-359777)