---
title: "Президент Қазақстанның екі мемлекеттегі елшілерін..."
description: "Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Мемлекет..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-04T07:27:17+00:00"
modified: "2024-06-04T07:27:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-aza-stanny-eki-memlekettegi-elshilerin-ta-ayyndady-1005299"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-aza-stanny-eki-memlekettegi-elshilerin-ta-ayyndady-1005299/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Президент Қазақстанның екі мемлекеттегі елшілерін...

> Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Мемлекет...

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

[t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/prezident-aza-stanny-eki-memlekettegi-elshilerin-ta-ayyndady-1005299](https://yvision.kz/kk/post/prezident-aza-stanny-eki-memlekettegi-elshilerin-ta-ayyndady-1005299)