---
title: "Президент Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді"
description: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді. a Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті. Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты Мәскеу..."
author: "orazali"
published: "2024-03-23T11:14:38+00:00"
modified: "2024-03-23T12:08:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-auipsizdik-ke-esini-sh-yl-zhiynyn-tkizdi-1002572"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-auipsizdik-ke-esini-sh-yl-zhiynyn-tkizdi-1002572/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Президент Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді

> Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді. a Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті. Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты Мәскеу...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді.

![Президент Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/4482009c4b5398fcd34ef75d774f3e.jpg)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті.

Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты Мәскеу облысында болған зорлық-зомбылық әрекетті тағы да айыптай отырып, терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады.

Жиын барысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспары, сондай-ақ экстремалды жағдайлардағы олардың қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды.

Президент ел азаматтарының қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсатында Қазақстанның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/prezident-auipsizdik-ke-esini-sh-yl-zhiynyn-tkizdi-1002572](https://yvision.kz/kk/post/prezident-auipsizdik-ke-esini-sh-yl-zhiynyn-tkizdi-1002572)