---
title: "Президент Астананың әкімін қабылдады"
description: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. a Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берді: ➤ барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң..."
author: "orazali"
published: "2024-03-25T12:39:10+00:00"
modified: "2024-03-25T12:40:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-astanany-kimin-abyldady-1002614"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-astanany-kimin-abyldady-1002614/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Президент Астананың әкімін қабылдады

> Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. a Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берді: ➤ барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады.

![Президент Астананың әкімін қабылдады](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/55b880c700c0b5342b604b2fd9dbb0.jpg)

Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берді: ➤ барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты. Былтыр тартылған инвестиция көлемі 1,6 триллион теңгені құраған; ➤ өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, логистика, көлік және басқа да салаларда іске асырылған жобалардың нәтижесінде 1,8 мың жұмыс орны ашылған; ➤ өткен жылы JOLTAP жобасы аясында 6 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасқан. Ал биыл жұмыспен қамтылатын азаматтардың санын 2 есе ұлғайту, яғни 12 мың адамнан асыру жоспарланып отыр. Жалпы 2024 жылы 58 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген; ➤ былтыр күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезегін және үшінші ЖЭО-ны іске қосу нәтижесінде жылу қала бойынша ұзақ уақыттан бері алғаш рет артығымен беріліп жатыр. Елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін бұл нысандардың қуаты – сағатына 1140 гигакалория; ➤ биыл «Тельман» газ жылу станциясының бірінші кезегі және «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезегі, үшінші ЖЭО-ның көмірмен жылытылатын бөлігінің іске қосылатыны туралы мәлімет берді. Бұл нысандар қаланы қосымша 600 Гкал/сағат жылу қуатымен қамтамасыз етеді; ➤ әлеуметтік нысандардың құрылысы, апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды салып бітіру, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/prezident-astanany-kimin-abyldady-1002614](https://yvision.kz/kk/post/prezident-astanany-kimin-abyldady-1002614)