---
title: "Тоқаев елорда қауіпсіздігінің жаңа орталығын аралады"
description: "Мемлекет басшысы заманауи ҰҚК ғимаратын тексеріп, қызметкерлердің жұмыс жағдайларын бағалады"
author: "akorda"
published: "2025-08-20T01:42:14+00:00"
modified: "2025-08-20T01:42:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-astanadagy-ukk-departamentinin-zhana-gimaratyn-aralap-kordi-1016512"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-astanadagy-ukk-departamentinin-zhana-gimaratyn-aralap-kordi-1016512/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев елорда қауіпсіздігінің жаңа орталығын аралады

> Мемлекет басшысы заманауи ҰҚК ғимаратын тексеріп, қызметкерлердің жұмыс жағдайларын бағалады

Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.

Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/prezident-astanadagy-ukk-departamentinin-zhana-gimaratyn-aralap-kordi-1016512](https://yvision.kz/kk/post/prezident-astanadagy-ukk-departamentinin-zhana-gimaratyn-aralap-kordi-1016512)