---
title: "Президент алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды"
description: "Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының тұрғындарына үндеу жасады. Бұл туралы..."
author: "orazali"
published: "2024-01-25T10:39:16+00:00"
modified: "2024-01-25T10:47:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-almatyly-tardy-sabyr-sa-tau-a-sha-yrdy-1000295"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/prezident-almatyly-tardy-sabyr-sa-tau-a-sha-yrdy-1000295/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Президент алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды

> Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының тұрғындарына үндеу жасады. Бұл туралы...

Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының тұрғындарына үндеу жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

![Президент алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/c3fea675f4b3e4dc945e2460244535.jpg)

Фото: Ақорда сайты

"Сабыр сақтаңыздар және әр нәрсеге байыппен қараңыздар. Дүрбелеңге салынып, түрлі қауесет пен жалған ақпаратты қасақана тарататын арандатушылар мен жауапсыз адамдардың жетегіне еріп кетпеңіздер. Нағыз алматылықтар әрқашан ақыл-парасатымен және ұстамдылығымен ерекшеленген. Ел басшылығы сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", – деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін президент жұмыс сапарымен Алматыда жүр. Ол Footlab футбол орталығының қызметімен танысты және елде ауыз суды ырысап қыла бермеу керектігін айтты.

Естеріңізге салсақ, қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні Алматыда қуатты жер сілкінісі болды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/prezident-almatyly-tardy-sabyr-sa-tau-a-sha-yrdy-1000295](https://yvision.kz/kk/post/prezident-almatyly-tardy-sabyr-sa-tau-a-sha-yrdy-1000295)