---
title: "Праймериз - нағыз мықтыларға жол ашпақ!"
description: "Елбасымыз, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығы..."
author: "zhambylaudan.nurotan.kz"
published: "2020-07-20T05:30:58+00:00"
modified: "2020-07-20T05:30:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/praymeriz-na-yz-my-tylar-a-zhol-ashpa-861783"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/praymeriz-na-yz-my-tylar-a-zhol-ashpa-861783/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Праймериз - нағыз мықтыларға жол ашпақ!

> Елбасымыз, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығы...

Елбасымыз, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығында , "Nur Otan" партиясының Праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойды.

Праймериз- азаматтық қоғам үшін жақсы мектеп. Өйткені бұл тәсіл қарапайым адамдардың саяси процесстерге араласып, белгілі бір шешімдерді қабылдауға, атсалысу деңгейін арттырады.

Партияшілік мықтылардың жауапкершілігін күшейтіп, қарапайым халықтың қажеттілігі ескеріледі. Алдағы праймеризде жүзден-жүйрік, мыңнан- тұлпар дараланып, мықтылардың көшбастайтынына сенемін. Себебі қазіргі технологиясы мен саясаты дамыған қоғамда көштің басын мықтылар бастауы әбден керек.

Біз бәсекеге қабілетті, жігерлі азаматтарды елдің дамуына септігін тигізетін, қоғамдағы өзекті әлеуметтік проблемалар бойынша бағдарламаларды ұсынып, партия қатарына қосылуға шақырамыз. Елге бірге қызмет етейік! #Менпраймеризгеқатысамын! __________________________ ДОСАЛЫ Балжан Ерболқызы «Жамбыл ауданының жастар ресурстық орталығының» жетекшісі, аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрайымы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/praymeriz-na-yz-my-tylar-a-zhol-ashpa-861783](https://yvision.kz/kk/post/praymeriz-na-yz-my-tylar-a-zhol-ashpa-861783)