---
title: "Позитивті ойлау-бақыттың кілті"
description: "Мына қарбалас заманда бәріміз де арман мақсаттарымызға қол жеткіміз келеді. Сол жолда тырмысып, бар ..."
author: "Gaua"
published: "2019-03-27T18:17:43+00:00"
modified: "2019-03-27T18:17:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pozitivti-oylau-ba-ytty-kilti-829075"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pozitivti-oylau-ba-ytty-kilti-829075/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Позитивті ойлау-бақыттың кілті

> Мына қарбалас заманда бәріміз де арман мақсаттарымызға қол жеткіміз келеді. Сол жолда тырмысып, бар ...

Мына қарбалас заманда бәріміз де арман мақсаттарымызға қол жеткіміз келеді. Сол жолда тырмысып, бар күшімізді салып жатамыз. Егер біз өмір тек жетістіктерден тұрады деп ойласақ қателесеміз, себебі өмір сынақтардан құралады. Кейде біздің жолымыз болуы мүмкін, кейде жолымызда кездесетін қиындықтар сағымызды сындырып, үлкен қайғы алып келуі де мүмкін. Мысалы: егер бір мәселе ойдағыдай болмай жатса,біз "Болды менің қолымнан түк келмейді",- деп, арманымыздан ерте үміт үзіп жатамыз. Немесе өзімізге жаңа комплекстер қалыптастырумыз да ықтимал.

![Позитивті ойлау-бақыттың кілті](https://storage.yvision.kz/images/user/419468/82e56e06a3a276b97b628d8e55f37f.jpg)

Менің ойымша осы кезде позитивті ойлау- көмекке келетін таптырмас құрал. Себебі бізде болып жатқан бүкіл қимыл, іс- әрекеттер мидың көмегімен болып жатыр. Ойлау қабілетіміз, эмоцияларымыз, тіпті деніміздің саулығына да миымыздың жұмыс істеуі әсер етеді. Сол үшін біз миымызды дұрыс бағыттай білсек, өміріміздің де гүлденуіне жол ашамыз.

![Позитивті ойлау-бақыттың кілті](https://storage.yvision.kz/images/user/419468/bc238c0c9f4b44707c051b7a33ecc3.jpg)

Әрине, басқа нәрсеге сеніп тұрып, оны жақсы ойға өзгерту ешімге де оңайға соқпасы анық. Бірақ біз бірнеше рет қайталап көрсек, ми да уақыт өте келе қабылдауы мүмкін екен. Мысал келтірейік, егер сіз блог жазу менің қолымнан келмейді деп ойласаңыз, оны жазу сізге қиын келеді және сіз де тырысуға деген құлшыныңыз болмайды. Бірақ соны менің қолымнан келедіге ауыстарсаңыз, блог жазу сізге жеңілдей түседі. Сол сияқты біз түрлі проблемеларымыздың шешімін тауып, мақсатымызға қол жеткізе аламыз.

![Позитивті ойлау-бақыттың кілті](https://storage.yvision.kz/images/user/419468/190f77a47def98be43df322ec1a55f.jpg)

Қорытындылай келе, позитивті ойлау ісіңізге жарап жатса-қолданыңыз бірақ нәтиже болмаса, өзіңізді қинамаңыз. Себебі бізбен не болып жатса, демек бізге сол қайырлы. Егер солай ойлай алсақ, бұл біздің жағдайды қабылдауымызды оң әсерін беріп, өмірде бақыт әкелуі сөзсіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pozitivti-oylau-ba-ytty-kilti-829075](https://yvision.kz/kk/post/pozitivti-oylau-ba-ytty-kilti-829075)