---
title: "«Полицияның жұмысының ашықтығы – азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтатын негізгі факторлардың бірі»"
description: "2016 жылы, 05 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қала..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-04-25T22:33:26+00:00"
modified: "2016-04-25T22:33:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/policiyany-zh-mysyny-ashy-ty-y-azamattardy-y-or-au-organdaryna-degen-senimin-ny-aytatyn-negizgi-fakt-690701"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/policiyany-zh-mysyny-ashy-ty-y-azamattardy-y-or-au-organdaryna-degen-senimin-ny-aytatyn-negizgi-fakt-690701/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Полицияның жұмысының ашықтығы – азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтатын негізгі факторлардың бірі»

> 2016 жылы, 05 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қала...

2016 жылы, 05 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті біріге отырып Алматы қаласы ішкі-істер департаментінде «Құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және сондай фактілердің туындауына ІІД басшылары тарапынан жол бермеу» атты кеңес өткізді. Аталған іс - шараға ІІД басшылары мен құрылымдардың басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққтың алдын алу басқарма басшысының міндетін атқарушы Бақытбек Әлішов сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында көрсетілген түйінді бағыттарға тоқталып, мемелекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастырудың мән-жайын жеткізді. Мәжіліске қатысушыларға ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 Жарлығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Ережесін түсіндіріп, Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды реформасы мен «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің жедел басқармасы басшысының орынбасары Омар Файзиев әскери-қызметтік тәртіпті бұзу және Сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңнамаларды сақтамаудың салдарынан туындайтын қиындықтар жайына тоқталып, Республика көлеміндегі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық көрністеріне нақты мысалдар келтіріп, бейнероликтер көрсетілді.

Кеңес барысында ішкі-істер басқармасының қызметкерлері өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

![«Полицияның жұмысының ашықтығы – азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтатын негізгі факторлардың бірі»](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/6acV2ivLOzGhw35SlsK7nYah0KXxmh.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/policiyany-zh-mysyny-ashy-ty-y-azamattardy-y-or-au-organdaryna-degen-senimin-ny-aytatyn-negizgi-fakt-690701](https://yvision.kz/kk/post/policiyany-zh-mysyny-ashy-ty-y-azamattardy-y-or-au-organdaryna-degen-senimin-ny-aytatyn-negizgi-fakt-690701)