---
title: "Полицейлер 6 күн қолайсыз ауа райы кезінде 42 мың көлікке жол бастап жүрген"
description: "Ал жаңа жылдың алғашқы күндерінде еліміздің патрульдік полицейлері 6 мыңнан астам көлікке жол..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-03T13:51:57+00:00"
modified: "2024-01-03T13:56:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/policeyler-6-k-n-olaysyz-aua-rayy-kezinde-42-my-k-likke-zhol-bastap-zh-rgen-999515"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/policeyler-6-k-n-olaysyz-aua-rayy-kezinde-42-my-k-likke-zhol-bastap-zh-rgen-999515/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Полицейлер 6 күн қолайсыз ауа райы кезінде 42 мың көлікке жол бастап жүрген

> Ал жаңа жылдың алғашқы күндерінде еліміздің патрульдік полицейлері 6 мыңнан астам көлікке жол...

*Ал жаңа жылдың алғашқы күндерінде еліміздің патрульдік полицейлері 6 мыңнан астам көлікке жол бастап жүрді. Бұл туралы *[POLISIA.KZ](https://t.me/POLICE_of_KZ)* телеграм-арнасында хабарланды.*

![Полицейлер 6 күн қолайсыз ауа райы кезінде 42 мың көлікке жол бастап жүрген](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/3dacc949e018f926f15922f8dac6e4.jpg)

Қолайсыз ауа райы кезінде қауіпсіздік үшін ІІМ қозғалысты тоқтатуды, сондай-ақ жолда көліктерге жол көрсетіп, автокөлікпен ілесіп жүруді қамтамасыз етеді. Тәулік сайын қала сыртындағы жолдарда мыңнан астам патрульдік полицей қызмет атқарды. Олар 250-ден астамы патрульдік маршрутқа қызмет көрсетеді. Өткен жылдың 28 желтоқсанынан жаңа жылдың 3 қаңтарына дейін 42 мың автокөлікті алып жүру ұйымдастырылды. Ал жаңа жыл түні мен 2024 жылдың алғашқы күндерінде патрульдік экипаждар 6 мыңнан астам көлік пен 15 мың азаматты ашық жолға дейін алып жүрді.

Сондай-ақ, жолды жабу туралы талаптарға бағынбаған 8 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/policeyler-6-k-n-olaysyz-aua-rayy-kezinde-42-my-k-likke-zhol-bastap-zh-rgen-999515](https://yvision.kz/kk/post/policeyler-6-k-n-olaysyz-aua-rayy-kezinde-42-my-k-likke-zhol-bastap-zh-rgen-999515)