---
title: "Подрушкамның әңгімесі)))"
description: "\"Егер мен оған тұрмысқа шықсам, таң атпай тұрып, жүрек пішіндес етіп жұмыртқа пісіретін едім. Сарысы..."
author: "bakoniaalim"
published: "2016-08-29T04:41:18+00:00"
modified: "2016-08-29T04:41:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/podrushkamny-gimesi-709363"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/podrushkamny-gimesi-709363/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Подрушкамның әңгімесі)))

> "Егер мен оған тұрмысқа шықсам, таң атпай тұрып, жүрек пішіндес етіп жұмыртқа пісіретін едім. Сарысы...

"Егер мен оған тұрмысқа шықсам, таң атпай тұрып, жүрек пішіндес етіп жұмыртқа пісіретін едім. Сарысын шала пісіремін. Жұмырытқалар аппақ, төртбұрышты тарелкелерде тұрады. Узор-музор деген болмайды. Ондай қазақылықты ұнатпаймын. Слишком, қазақы болып кетеді. Ауылдан келген мамбеткалар құсап. Жарайды, басқа әңгіме айтып кетіппін ғой. Сосын Nescafe кофесін қою етіп демдеймін. Сергек жүрсе, табыскер болады. Ал менің өмірлік мақсатым - оның табыскер болуы. Мен:

-Жаным, сенің жігітің бар ме еді? Қашан тұрмысқа шығайын деп жатырсың? Ол кім? Мен танимын ба? десем.

- Ойбай, сен түгіл бар қазақ таниды. Әділбек қо. Әділбек Ниязымбетов ше... Боксер. Бірінші танысып алайық! Сосын тұрмысқа шығамын. Өзім пысықпын ғой. Оны сындыру маған түк емес. Тура маған керек тип.

- Ол жақында үйленейін деп жатыр. Оның қызы бар. Қызына обал ғой. Олай жасама!- деп едім,орнынан тұрып кетіп қалды. Ренжіп қалды ғой деймін. Ай, Зарина.

P.S.: Әділбектің боксын мен де тамашаладым.Ұйықтап қалмайын деп, Заринаның айтқан Nescafe кофесін қою етіп тұрып ішіп алдым. Ақыры бокс та басталды. Жанымызды шүберекке түйіп отырып, отбасымызбен тамашаладық. Оғланымыздың өнеріне ризамыз. Әділбек секілді біз де соңғы сәтке дейін Әділбектің қолын көтерсе екен бар білетін дұғамызды айтып, тіледік. Бұйырғаны - күміс екен. Не болса да, біз үшін алтынға бергісіз күміс. Ол - нағыз чемпион. Алға, алтын бала. Қазақстанның туы бір шетте тұрғанда, көзіме жас келді дейді біздің чемпион. Көк туымызды екі мәрте желбіреткен чемпионға біз тек қана ризамыз. Біз сенімен мақтанамыз, Әділбек!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/podrushkamny-gimesi-709363](https://yvision.kz/kk/post/podrushkamny-gimesi-709363)