---
title: "Подезд алдына орындық орнаттық, гүл салдық. Бір жылда қоқыс жиналатын орынға айналды"
description: "Подъезд алдында темекі тартқан дұрыс па? Заң айтады дұрыс, -деп. Подъезде тұратын темекі тартатындар..."
author: "yvision_user"
published: "2021-04-01T11:01:43+00:00"
modified: "2021-04-02T04:21:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/podezd-aldyna-oryndy-ornatty-g-l-saldy-bir-zhylda-o-ys-zhinalatyn-oryn-a-aynaldy-929608"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/podezd-aldyna-oryndy-ornatty-g-l-saldy-bir-zhylda-o-ys-zhinalatyn-oryn-a-aynaldy-929608/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Подезд алдына орындық орнаттық, гүл салдық. Бір жылда қоқыс жиналатын орынға айналды

> Подъезд алдында темекі тартқан дұрыс па? Заң айтады дұрыс, -деп. Подъезде тұратын темекі тартатындар...

Подъезд алдында темекі тартқан дұрыс па? Заң айтады дұрыс, -деп. Подъезде тұратын темекі тартатындар тарсада, терезеден алыстырақ барып тартады.

Подъезд болып жиналып "есік алдымызға" орындық орнаттық, көзді қуантсын деп "гүл" салдық.

Подъезде 15 пәтер бар, бір-бірімізді танимыз. Наурыз көжемізді бір-бірімізге тасимыз.

Бір жыл карантинде болғанда кезектесіп жүріп, карантин талабын сақтап, подъезд алдын жөндедік.

Бір ағамыз бар, темекі тарса өзімен бірге ыдыс ала шығады, темекінің тұқылын тастамақ тұрғы күлін жерге қағып түсірмейді. Барлығы ол ағамыздай емес.

Енді подъез алдына орнатқан орындықты сындырып алуға үгіттеп жүрмін. Байқасам маңайдағы подъездер алдында аман қалған орындықтар аз екен. Неліктен аз болатынын түсіне бастадым. Сөйтсек. Біз подъезд алдын өзіміз үшін гүлдендірген жоқпыз.

Темекі тартатын азамат және азаматшаларымызға арнап "қоғамдық орын" орын жасап беріппіз. Орындық босамайды, босағанын күтіп тұрады. Кезек күтіп, кезегі келгенде отыра қалады. Балаларды орындық үстіне отырғызбаймыз. Текке сырлаппыз. Темекі тұқылын соған басып сөндіріп, орындық алдна қақырып кетеді.

Подъезд алдын ластайтындар сыртқы маңайдан келеді. Подъезд тұрғындары емес. Қолында ұстаған бөтелке бар болса полиция келгенше қашып кетеді. Әйтпесе "қоғамдық орын", - деп "темекісін" тартып саспай отыра береді. Сонда біз темекі тартқыштар ластайтын "қоғамдық орын" жасап беріппіз. Және олардың подъезд алдында "темекі тарту " құқысы заңмен тиылмаса, онда заңмен қорғалады.

Жаз келді, терезені ашып пәтерді желдете алмайсың, подъезді ашып ішін қыстан қалған сыздан кептіре алмайсың.

Осыдан кейін көрші подъездер алдында неге "урна" немесе "орындық" жоғын түсіне бастайсың. Мені тек бірінші қабатта тұрып жан-ұясында темекі тартпайтындар ғана түсінетін секілді.

Осындай жағдай баста болған соң "Қайдан қаланың көп қабатты подъезд алды гүлденсің" деп ойлап, күрсінуден жалықпайсың. P.S.: "Барлық көп қабатты үйдердің бірінші қабаты жоғары орналасқан және көп қабатты үйдің кіре берісі тұрғынның терезесінен алыс",- деп ойлайтындарға айтарым:
- Қазақстанда бес қабатты, төрт қабатты, екі қабатты ескі үйлер жеткілікті. Міне подъезд кіре берісі тұр, міне тұрғынның терезе тұр, 2 метр жерде ақ тұр. Соны түсіну қиын ба? Жел бағыты тұрғынның терезесіне қарай соқса, сол пәтер тұрғындары үнемі 24 сағат бойы "темекі" тартады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/podezd-aldyna-oryndy-ornatty-g-l-saldy-bir-zhylda-o-ys-zhinalatyn-oryn-a-aynaldy-929608](https://yvision.kz/kk/post/podezd-aldyna-oryndy-ornatty-g-l-saldy-bir-zhylda-o-ys-zhinalatyn-oryn-a-aynaldy-929608)