---
title: "ПМХЗ-ны жаңғырту мерзімдері сақталмаған жағдайда ҚМГ топ-менеджменті жұмыстан босатылады"
description: "ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнайды тасым..."
author: "minenergo"
published: "2017-11-02T03:49:45+00:00"
modified: "2017-11-02T03:49:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pmhz-ny-zha-yrtu-merzimderi-sa-talma-an-zha-dayda-mg-top-menedzhmenti-zh-mystan-bosatylady-783651"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pmhz-ny-zha-yrtu-merzimderi-sa-talma-an-zha-dayda-mg-top-menedzhmenti-zh-mystan-bosatylady-783651/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ПМХЗ-ны жаңғырту мерзімдері сақталмаған жағдайда ҚМГ топ-менеджменті жұмыстан босатылады

> ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнайды тасым...

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр Тиесовтің және «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбайдың қатысуымен Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту барысы мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. **«ПМХЗ» ЖШС-да жаңғыртуды аяқтау және жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығару үшін қажетті қондырғыларды іске қосу мерзімдері бойынша артта қалушылық белгілі болды.** **Жаңғыртуды аяқтау мерзімі «ПМХЗ» ЖШС үшін 26 қазан, ал Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін 16 қыркүйек белгіленген болатын. Алайда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мерзімдерді ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші жартысына ауыстырды.** Д. Тиесов пен Ш. Данбайдың ақпаратын тыңдап, министр **жақын арада** жоғары октанды бензинмен және дизель отынымен ішкі нарықты қамтамасыз ету бойынша **шұғыл** шаралар қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда, жекелеген қондырғыларда ақаулардың туындауы туралы ұсынылған деректердің негізінде Қ. Бозымбаев мұнай өнімдерін өндіру қондырғыларын орнату мерзімдері орындалмауы мүмкін екендігін ескертті. Кеңес қорытындылары бойынша Министр 8 қарашаға дейінгі мерзімде жоғары октанды бензинді шығару қондырғыларын және қысқа мерзімде дизель отынын шығару қондырғыларын іске қосу қажет екендігін атап өтті. Бұл ретте, «ПМХЗ» ЖШС-ны жаңғыртуды аяқтаудың белгіленген мерзімдері сақталмаған жағдайда, **Министр топ-менеджерлерді атқаратын қызметтерінен босату туралы ұсыныс енгізетін болады.** **Павлодар және Атырау МӨЗ-деріне Министр объектілерді жаңғыртуды созу тәуекелдерін анықтау үшін Министрліктің комиссиясын жіберуді тапсырды.** **ҚР ЭМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pmhz-ny-zha-yrtu-merzimderi-sa-talma-an-zha-dayda-mg-top-menedzhmenti-zh-mystan-bosatylady-783651](https://yvision.kz/kk/post/pmhz-ny-zha-yrtu-merzimderi-sa-talma-an-zha-dayda-mg-top-menedzhmenti-zh-mystan-bosatylady-783651)