---
title: "Әпкесі өлі табылды"
description: "Семейде бір үйдің 16 және 18 жастағы ұлы мен қызы бір айдан аса уақыт бұрын жоғалып кеткен болатын. Фото: 31-арна кадры Іздеу іс-шаралары Ұлттық ұланның, полицияның, құтқарушылардың, еріктілердің, сондай-ақ белсенді азаматтардың күштері мен..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-17T03:44:07+00:00"
modified: "2024-05-17T03:44:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pkesi-li-tabyldy-1004714"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pkesi-li-tabyldy-1004714/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әпкесі өлі табылды

> Семейде бір үйдің 16 және 18 жастағы ұлы мен қызы бір айдан аса уақыт бұрын жоғалып кеткен болатын. Фото: 31-арна кадры Іздеу іс-шаралары Ұлттық ұланның, полицияның, құтқарушылардың, еріктілердің, сондай-ақ белсенді азаматтардың күштері мен...

*Семейде бір үйдің 16 және 18 жастағы ұлы мен қызы бір айдан аса уақыт бұрын жоғалып кеткен болатын. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/9c8912188a0dfee7cca6b445800d9e.jpg)

*Фото: 31-арна кадры*

Іздеу іс-шаралары Ұлттық ұланның, полицияның, құтқарушылардың, еріктілердің, сондай-ақ белсенді азаматтардың күштері мен құралдарын тарта отырып жүргізілген. Сөйтіп, жоғалған жасөспірімдердің үлкені енді ғана өлі күйінде табылып отыр.

"15 мамырда 18 жасар қыздың денесі "Құрылысшы" профилакториясының маңында судан табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Абай облысының Полиция департаментіндегілер.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/e1bd5e4c9e2d057f30392c2fc9f7d0.jpg) Ал ұлды іздеу жалғасып жатыр. Полиция басшылығы қайғылы қазаға байланысты көңіл айтты. "Туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамын", — деді Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.

Айта кетейік, Алтынай Әбішева мен Абзал Әбішев биыл 7 сәуірде жоғалып кеткен болатын. Олар осы күні сағат 15-16 шамасында үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pkesi-li-tabyldy-1004714](https://yvision.kz/kk/post/pkesi-li-tabyldy-1004714)