---
title: "ҚПК 200-бабы бойынша жолданған ұсыным қаралды"
description: "Ағымдағы жылдың 5 мамырында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі БҚО білім басқармасы басшылығының..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-05-06T04:41:53+00:00"
modified: "2020-05-06T04:41:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pk-200-baby-boyynsha-zholdan-an-synym-araldy-856231"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pk-200-baby-boyynsha-zholdan-an-synym-araldy-856231/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚПК 200-бабы бойынша жолданған ұсыным қаралды

> Ағымдағы жылдың 5 мамырында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі БҚО білім басқармасы басшылығының...

Ағымдағы жылдың 5 мамырында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі БҚО білім басқармасы басшылығының, «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық кеңсесінің басшысы А. Салиеваның қатысуымен «Зеленов колледжі» МКҚК бас есепшісі м.а. қатысты қылмыстық іс бойынша ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсынысты қарады.

Анықталғанындай, Казакова 2017-2018 жж. МҚКК бас есепшісі м.а. атқара жүріп, ол өзіңе сеніп берілген мүліктерді жымқырып және МКҚК жалпы құны 1275000 теңге қолма-қол ақшасын жойған, МКҚК 3119033 теңге көлеміндегі қаражатын өзінің жеке есеп-шотына аударған және 1354100 теңгесін «Ахундова Р.А.» ЖК мен «Логашкина М.А.» ЖК есеп-шоттарына аудару арқылы қолма-қолға ауыстырып алған.

Одан басқа, 2016-2018 жж аралығында кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысып, яғни «Ахундова Р.А.» ЖК құру және басқару қызметіне араласу негізінде туысы Ахундова Р.А. арқылы МКҚК мемлекеттік сатып алу порталымен келісім-шарттар жасау түрінде басымдықтар мен жеңілдіктер берген.

Бәйтерек ауданының Сот үкімімен Казаковаға 4 жылға бас бостандығын шектеу берілді.

Талдау нәтижелері осы қылмыстық құқық бұзушылық білім басқармасы басшылығы тарапынан тиісті ведомстволық бақылаудың болмауы, соның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылаудың болмауы салдарынан мүмкін болып отырғандығы анықталды.

БҚО білім басқармасының басшысына тиісті ұсыныстар беріліп, оның ішінде алдын алу жұмыстарын күшейту ұсынылды

Әр азамат сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pk-200-baby-boyynsha-zholdan-an-synym-araldy-856231](https://yvision.kz/kk/post/pk-200-baby-boyynsha-zholdan-an-synym-araldy-856231)