---
title: "пияр және жарнама кафедрасы"
description: "PR және жарнама кафедрасы. Қоғаммен байланыс және жарнама кафедрасы 2001ж журналистика факультетінде..."
author: "mereika_91"
published: "2011-02-26T05:37:43+00:00"
modified: "2011-02-26T05:37:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/piyar-zh-ne-zharnama-kafedrasy-125144"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/piyar-zh-ne-zharnama-kafedrasy-125144/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# пияр және жарнама кафедрасы

> PR және жарнама кафедрасы. Қоғаммен байланыс және жарнама кафедрасы 2001ж журналистика факультетінде...

PR және жарнама кафедрасы.

Қоғаммен байланыс және жарнама кафедрасы 2001ж журналистика факультетінде құрылған. Қоғамдағы менеджментке, жарнама мен қоғаммен байланыс, медиа ұжымы өзге ҚР-ның мамандыққа деген сұранысы бойынша құрылған.

PR және жарнама кафедрасы 2001жылдың 14-ші ақпанында құрылған деседі. Алайда оның тағдыры ұзаққа бармай, 2005ж жабылады. Бірақ, PR мәңгілікке жабылған емес. Қазақстанның беделді компаниялары PR-сыз күндері қараң екенін мойындап, оның қайта ашылуына мүмкіндік берді. Алғашында « телерадио және жарнама кафедрасы» болып құрылып, 2010ж «PR және жарнама» кафедрасы болып өзгертіліп, қайта қалпына келтірілді. Міне, PR-дың алғашқы табалдырығын біз аттадық десек болады.

Кафедра мамандану курсын негізгі 3 траектория бойынша қалыпиастырады.

- Паблик релейшнз ( Қоғаммен байланыс)

- Эдвертайлинг

- Коммуникациялық менеджмент

Бұл оқуда оқып жүрген әрбір студент төмендегіні біліп жүргені абзал.

- Негізгі PR құралдарын қолдану

- Маркетингтік және аудиовизуальды коммуникацияны орнату

- Жарнама өндірістерін ұйымдастыруы

- Пресс ( конференция, дөңгелек үстелдер, форум, пресс-тур және басқа да Пиар іс шараларын өткізу.)

- Әр түрлі жағдайдағы ақпараттық үлгілер жасау

Барлық ғылыми зерттеулердің қоғамда алатын орны ерекше. Кафедрада 2 доктор және 4 ғылым кандидаты, 1 аға оқытушы қызмет атқарады. Барлығы да әс жүзінде тәжірибеден өткен қызметкер.

Алғашқы кезде кафедраны басқарған яғни 2001-2005жылдарыЛ.С Ахметов болса, 2005-2009 жылдары Ш.И. Нұрғожина жалғастырады. Содан, 2010жылдан бастап кафедра меңгерушісі А.В. Рожков ф.ғ.к, доцент қолға алып келеді.

2010ж оқу жылынан бастап кафедра бакалавриат (4жыл оқу) 5В051400 Қоғаммен байланыс маманын даярлауда жаңартулар болмақ. Және де магистратурада (1жыл оқу орны және 2жыл оқу) жаңа жоспарлық енгізулер болады.

Сондықтан талапкер назарына кафедра 2010оқу жылынан бастап, бакалавриатта 5В051400-Қоғаммен байланыс мамандығы бойынша мамандар қайта даярлана бастады.

-Егер, сіз отандық немесе баспасөз клубын басқарғыңыз келе ме?

-Сіз жарнама бейнеклипін жасап, өз жарнама агенттігіңіздің болғанын қалайсыз ба?

-Қоғамдық ойды басқарғыңыз келеме?

-Мүмкін сіз саясаткер, партия, компания, тауарлар имджін қалыптастырғыңыз келетін шығар?

-Бәлкім, сіз корпаративтік фирма менеджерінің қызметін ойлайтын шығарсыз?

Онда сіздің таңдауыңыз **« Қоғаммен байланыс»** мамандығы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/piyar-zh-ne-zharnama-kafedrasy-125144](https://yvision.kz/kk/post/piyar-zh-ne-zharnama-kafedrasy-125144)